Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4342 6 пікір 31 Шілде, 2017 сағат 09:41

Путин: Ресейде АҚШ дипмиссиясы 755 адамға қысқарады

Ресей президенті Владимир Путин Ресейде америкалық дипломатиялық миссияда жұмыс істейтіндердің саны 755 адамға дейін қысқаратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, штат құрамы АҚШ-тағы ресейлік дипмиссияның құрамындағыдай 455 адам болады деді.

Тележүргізуші Владимир Соловьёвқа берген сұхбатында президент әңгіме дипломаттар мен техникалық қызметкерлер жайында екенін айтты. Путиннің сөзінше, бұл - АҚШ Конгресінің Ресейге қарсы санкцияларына жауап.

Путин сонымен бірге әзірге АҚШ-қа қатысты қосымша шектеулер қоюға тырыспайтынын, бұл екі елдің ынтымақтастығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертті.

Путиннің болжауынша, екі жақты қарым-қатынас жақын арада жақсармайды. Бірақ соған қарамастан терроризм, заңсыз қару тарату секілді өзекті проблемада халықаралық деңгейде қарым-қатынастың дамуы маңызды екенін атап өтті. Ресей лидері сириялық жанжалды реттеуде Мәскеу мен Вашингтон арасында өзара іс-қимылға оң баға берді.

Abai.kz

6 пікір