Жұма, 19 Сәуір 2024
4026 0 пікір 31 Шілде, 2017 сағат 09:39

Қырғызстанда Сирияға кетпекші болған ер адам ұсталды

Милиция қызметкерлері Сирияда соғыс жүріп жатқан аймаққа кетпекші болған 34 жастағы азаматты ұстаған.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, шілде айында Шу облысының ішкі істер басқармасының қызметкерлері заңсыз қару-жарақ және экстремистік пиғылдағы материалдарды сақтаған күдіктіні қолға түсірген.

Хабарға қарағанда, күдікті Сирияға кетуге дайындалған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған ер азаматты қамауға алған.

Abai.kz

0 пікір