Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
4451 1 пікір 31 Шілде, 2017 сағат 09:37

Өзбек билігі қырғыздың Ош қаласына мектеп салып бермекші

Өзбекстан және Қырғызстан үкіметі 28 шілдеде Бішкекте Ош қаласындағы жалпы білім беру мектебінің құрылысын бастау жөніндегі келісімге қол қойды.

630 оқушыға арналған мектеп өзбек үкіметінің қаржысына салынады және қайтарымсыз Қырғызстанның меншігіне беріледі.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатқа Өзбекстан елшісі Комил Рашидов пен Қырғызстанның білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева қол қойған.

Өзбекстан СІМ таратқан хабарламада жобаны жүзеге асыру екі елдің тарихи достығының нығаюына және бауырлас халықтың қарым-қатынасының дамуына себеп болады делінген.

Abai.kz

1 пікір