Сенбі, 20 Сәуір 2024
3826 0 пікір 26 Шілде, 2017 сағат 07:56

Өзбекстанда исламды онлайн арқылы оқыта бастады

Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы (ӨМДБ) исламның онлайн-дәрісін жүргізе бастады. Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, онлайн-дәрісті Facebook, Instagram және Youtube секілді әлеуметтік желілерден тыңдауға болады.

Сабақ аптасына үш рет – дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері өтеді. Дәрісті Ташкенттің ислам институтының оқытушы, профессорлары өткізеді.

Онлайн арқылы исламның негіздері, хадистерге және араб тіліне түсініктеме беріледі.

Abai.kz

0 пікір