Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 26931 0 пікір 30 Желтоқсан, 2010 сағат 12:30

Боқтағаның қай ағаш?! (Қашаған жыраудың Есқали сұпыға айтқаны)

Теке қаласының (қазіргі Орал) түрмесінен босап, елге оралған күй атасы Құрманғазының дақпыртын естіп, Нарын құмында сауық құрып жүрген Қашаған жырау іздеп келеді. Екеуі Жайықтың бойында кездесіп,  жұртты аралап, күй тартып, жыр жырлайды. Қыс мезгілі болса керек. Екі жолаушы қызыліңірде Есқали сұпының аулына жетеді. Ауылдың ортасындағы еңселі ақ боз үй сұпынікі болса керек. Боз үйдің жанына келіп ат басын іріккен жолаушылар «Кім бар-ау», деп дауыстайды. Үйден сұпының кесір келіні шыға келеді де, жолаушыларға қарамастан кердеңдеп өте шығады. Құрманғазы мен Қашаған атты белдеуге байлап, үйге кірсе, бауырын жаңа көтерген сұпының бір, бір жарым жастағы немересі отыр екен. Жас сәби таңғажайып жолаушыларға таңқала қарап, домбыраға жармаса берсе керек. Сәбидің талпынған талабын қайтармай қос жолаушының бірі оның қолына домбырасын ұстата қояды. Осы кезде дәретін алып, үйге кіріп келген суық жүзді сұпы «Бұл не қылған қу ағаш, қайдан келді бұл ағаш?!», десе керек. Сонда Қашаған жырау төмендегідей жыр төккен екен.

P.S. Бұл қысқаша баянды біз белгілі композитор, музыка зерттеушісі Илья Жақановтың аузынан жазып алдық. Іле-ағамыз жоғарыда баяндалған жайтты Иран Ислам республикасына барған сапарында сондағы қазақтардан естиді. Жыр - Теһран радиосының «Алтын қорында» да жатқан көрінеді. Иран қазақтарының ішінде сақталған жырдың аудио нұсқасын Илья Жақановқа шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей әкеліп тапсырыпты. Бұл жыр қазір жыршы Тұрланның орындауында ел ішіне кең тараған.

Қанша қар еріп, су ақса да дүмше діндарлар қай заманда да кертартпалығынан танбай, қасиетті қара ағаштың тамырына балта ала жүгіруден жаңылмай келе жатыр екен ғой. Заманнан заман озғанмен дүмшеліктің түбі көрінер емес. Кешегі Жаркент жеріндегі Жаратқанның жазықсыз Әулие ағашына жасалған қастандықтың да ар жағында дүмшелік жатқан сияқтанады...

«Абай-ақпарат»

Боқтағаның қай ағаш?!

(Есқали сұпыға айтқаны)

Сұпыекең мені жек көрдi,

Сұпының сөзiн кек көpдiм.

Ел аралап жургенде

Сендей, сендей монтаны

Сұпыларды көп көpдiм.

Сыйлар едің қампаңдап,

Қолын қысып жампаңдап,

Садақасы болса қойныңда,

Үйiңе келсе бай адам

Жамылған мауыт шекпендi.

Ақылы бар, милы адам

Азамат ерге тек дей ме?!

Қонағын келген кет дей ме?!

Тәубем көп деп мақтансаң,

Барсисаны да құдай қарғаған,

Азғырып шайтан алдаған.

Бізді күнәсі көп деп боқтасаң,

Жүз кісіні өлтірген,

Жанына қаза келтірген,

Насуханы да Құдай оңдаған.

Келе сала, сұпеке,

Домбырамды боқтадың.

Домбырамды боқтасаң,

Өзімді басқа соққаның.

Сұпылығың қай жақта,

Шын тентекке ұқсадың.

Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Қолымдағы ағашым -

Алып жүрген дмобыра,

Тартқан сайын даңғыра.

Домбыра күнә деген сөз,

Тек бір айтқан дабыра.

Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Асылы емен, қарағай,

Шыққан жері су ағаш.

Аруақты ерлердің,

Қолындағы ту ағаш.

Жаның сая табатын,

Орман болған бұл ағаш.

Қорыққанда жалғызға,

Қорған болған бұл ағаш.

Бұтақтары бүгіліп,

Көктен төмен үңіліп,

Қарның ашып келгенде,

Жүрегіңді жалғауға,

Нәсіп болған бұл ағаш.

Пайғамбарды туғанда

Бесік болған бұл ағаш.

Ибраһим Қағба салғанда,

Есік болған бұл ағаш.

Мұнаралы әр жерде,

Мешіт болған бұл ағаш.

Шеберлердің қолында,

Кәсіп болған бұл ағаш.

Өзіңді халық сұпы дейді,

Боқтағаның қай ағаш?!

Бұрынғы өткен заманда,

Болған екен көп ұрыс.

Көп ұрыстың кезінде,

Жәбірейіл  Жәннеттен,

Алып келген төрт қылыш.

Алып келген қылыштың атын айтайын:

Біреуінің аты - Хамхам,

Біреуінің аты - Сәмсам,

Біреуінің аты - Зұлқажжа,

Біреуінің аты - Зұлпықар.

Қынабына солардың

Қап та болған бұл ағаш.

Аруақты ерлерге,

Жақ та болған бұл ағаш.

Найзасына батырдың,

Сап та болған бұл ағаш.

Дариядан өткенде,

Пырақ болған бұл ағаш.

Қараңғыда жарығы,

Шырақ болған бұл ағаш.

Қаріп пенен қасірге,

Қуат болған бұл ағаш.

Жетім менен жесірге,

Суат болған бұл ағаш.

Өзіңді халық сұпы дейді,

Боқтағаның қай ағаш?!

Өздеріңдей сұпыға,

Аса болған бұл ағаш.

Аңдып жүрген шайтанға,

Таса болған бұл ағаш.

Жаңа дәрет алғанда,

Сәждеге басың салғанда,

Аузыға салған мәсуәк

Ағаш емей, арқан ба?

Ағашты сондай боқтайсың,

Сұпеке-ау, қалай айтасың,

Ағузы менен алқамды?!

Домбыраны күнә десеңіз,

Жиын менен тойдікі.

Ішегіне күнә десеңіз,

Жұмақтан келген қойдікі.

Пернесін күнә десеңіз,

Есебі ол пәннің он екі.

Құлағын күнә десеңіз,

Хазіреті Біләлдің,

Құлағы екен деседі.

Тиегін күнә десеңіз,

Шиеленген сырды шешеді.

Атамыз Адам пайғамбар,

Жеті сазбен жерге кеп,

Күй шертіпті деген бар.

Ол күндегі о да саз.

Бұл күндегі бұ да саз.

Сазды күнә деп жүрген,

Молдеке сенің ақылың аз.

Молдеке білмей адаспа,

Домбыраның бізге күнәсі аз.

Үстіңе тіккен үйіңіз,

Шақырса, бұған келмей ме?

Хазірет, халпе, биіңіз?!

Ас салып берер табағың,

Сусын ішер аяғың,

Ағаш емей, немене,

Басыңда бар ма миыңыз?

Қанша сұпы болсаң да,

Кеткен жоқ па сыйыңыз?!

Жақсының сөзі майдадай,

Жаманның сөзі найзадай,

Жақсыдай болуы қайдағы-ай!

Қас жаманның үйінен,

Жақсының артық моласы.

Панасына түнеп қайт,

Бойыңа боран жоламас.

Жаманның көңілі шат болар,

Әйелімен кеңесіп,

Көжесін ішсе, оңаша.

Саналыға сөзім тыңдалған,

Санасыздың белгісі -

Пайдалы сөз айтсаң бұлданған.

Дүниенің қызық зауқынан,

Ақырет күннің қаупынан -

Бәрінен де сендердей

Қырма сақал, түйе мұрт,

Надан сұпылар құр қалған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577