Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
«Соқыр» Фемида 6553 3 пікір 29 Маусым, 2017 сағат 11:01

Abai.kz порталына жазған мақаласы үшін істі болып ақталды

Abai.kz ақпараттық порталына Жылой ауданының тұрғыны Тұрар Шапқара бірнеше рет "Жылой су" кәсіпорнын сынап мақала жазған еді. Сол мақалаларға қатысты аталмыш мекеменің басшысы Балтабай Ыбыраев авторды сотқа берген болатын. Сот барысында Тұрар Шапқараның ақиқатты айтқаны дәлелденіп, арызданушы тарапты жеңіп шығыпты. Ел мен жер үшін болатын үлкен күрестер осындай шағын жеңістерден басталатынын ескере отырып, Тұрар Шапқараға «шындықты шырылдатып жаза түсіңіз!» дегіміз келеді.

Abai.kz ақпараттық порталы

 

26 маусым күні Жылой аудандық сот ғимаратында "Жылой су" басшысы Ыбыраев Балтабайдың азамат Тұрар Шапқараның үстінен берген арызына байланысты соңғы сот отырысы болып өтті. Сотқа "Жылой су" мекемесінен нақақ қудаланған қызметкерлерінен бөлек (Халықов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) филолог маман қатыстырылды.

Филолог маман Ыбыраев Балтабайдың "ызасын тудырды, ар-намысын таптады, абыройына, іскерлігіне нұқсан келтірді" деген Тұрар Шапқараның мақаласына сараптама, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келіпті. Филолог маман мақаланы зерделей келе Тұрар Шапқараның мақаласында біреудің қасақана арына тию, келемеждеу, кектену, өш алу, т.с.с өрескел, қияс қылықтардың, анайылық не жабайылықтың, немесе құрамында қандай да бір қылмыстық істің жоқтығын дәлелдеп, айшықтап берді.

Мақала барысында қолданған сөздердің жергілікті менталитетке байланысты үнемі ашық қолданыстағы байрығы қазақтың сөздері екендігін белгілі бір жазушылардың ғылыми жұмыстарына сүйене отырып дәлелдеме берді. Одан бөлек, Соттың сараптауы бойынша да мақаладағы жазылған дүниелердің 100 пайыз шындыққа жанасатынын, іші тұнған халықтың шырылдаған жан-айқайы екенін, т.с.с (дискі, флешкадағы бейнетаспалар) жинақталған дәлелдемелердің де ақиқат екенін басты назарда ұстап, қазіргі кезеңде "әділ сот" деген атаққа еш кірбің, сызат түсірмей, әділдіктің туын желбіреткен, өз ісін адал, абыройлы атқаратын Судья Р.Алдамбергенов Тұрар Шапқараны ақтап шығарды.

Ақиқат қашанда айтылу керек және айтыла бермек! Біз өтірікші халық емеспіз! Ұрпақ алдындағы борышымызды ұмытпайық және бұрмаламайық! Ел үшін шырылдаған азаматты нәфсәни әркім әр тұстан шибөріше талап бас көтертпесе елдің қамын кім ойлайды сонда? Тұрар Шапқараны алдағы уақытта тағы да қандай арыздар легі күтіп тұр екен?

Иманқұл Имандос

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522