Жұма, 19 Сәуір 2024
Ел іші... 5333 2 пікір 29 Маусым, 2017 сағат 09:19

Назарбаев дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын бекітті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын бекітті. Құжат тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында қабылданды. Үш жылға арналған тұжырымдама ресми баспасөзде жарияланды.

Зайырлы мемлекет діни ұйымдардың ішкі ісіне араласпайды, дегенмен мемлекет "діни ұйымдардың мазмұны мен қоғамдық қызметін реттеп, бақылауы тиіс, заңдар мен мемлекет мүддесінің сақталуын талап етуі керек", делінген тұжырымдамада.

Бұған қоса, құжатта "экстремистік идеологияға қарсы тұратын және діни ұрандармен жасырынған бірқатар деструктивті ағымдардың жұмысын тоқтатумен айналысатын жалпымемлекеттік жүйе құрылатыны туралы" жазылған.

Тұжырымдамада дінтану саласында кәсіби мамандардың аздығы айтылған. Ел билігі қазақстандықтар шетелде теологиялық білім алу қажет деп есептейді.

Abai.kz

2 пікір