Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5201 0 пікір 28 Маусым, 2017 сағат 11:35

Жаңа Заң жобасында не жазылған?

Журналистерді өзге адамдардың жеке өмірі, отбасы, банк және басқа да құпиялары туралы ақпаратты жариялау алдында, иелерінен рұқсат алуға міндеттейді.

Мұндай талаптар мәжіліске түскен ақпарат және байланыс мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған. Аталған құжатты парламент мәжілісіне ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев таныстырды.

— Адамдардың жеке деректері тек келісіммен ғана жариялануы тиіс. Бұл қалыпты тәжірибе. Біз көп ойландық, әлемдік тәжірибені зерттедік. Әлемдік тәжірибеде жеке деректерді жариялар кезде, рұқсат алу қажеттігін айтады,- дейді Дәурен Абаев.

Сонымен бірге заң жобасында теріске шығару құқығын пайдалану талаптары да бар. Журналистке мақаланы теріске шығару үшін бес күн уақыт береді. Абаевтың сөздерінше, егер журналистер теріске шығарса, оларды күмәнді ақпарат үшін жауапқа тартудан босатады.

Заң жобасында ақпарат және байланыс мәселелері жөніндегі төрт заңға 200-ге тарта өзгеріс енгізу көзделген. Министр Абаевтың айтуынша, БАҚ туралы заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістердің 70 пайызын қоғамның өзі ұсынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594