Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5529 0 пікір 26 Маусым, 2017 сағат 11:36

Ақаевты қырғыз жастары "ұстап" алды

Әлеуметтік желіге фотожурналист Анна Качкаева Санкт-Петерборда жүрдек пойыздардың ішін тазалап жүрген қырғыз жастарының экс-президент Асқар Ақаевты "ұстап" алған  суретін жариялады.

"Күтпеген кадр. Қырғызстанның бұрынғы президенті Ақаевты Питердегі жүрдек пойыздарды тазалап жүрген отандастары қоршап алған. Қырғыз жастары "Сапсанның" Мәскеуге жүргелі тұрған жерінде осы тарихи тұлғамен тілдесіп, суретке түсті", - деп жазды парақшасында Анна Качкаева.

Абай-ақпарат

0 пікір