Сенбі, 20 Сәуір 2024
Дат 5899 6 пікір 26 Маусым, 2017 сағат 10:57

Әсет мырза, бізге тиімдісі – жеңілрелісті емес, ішек жолы

 

Астана қаласының әкімі Ә.Ө.Исекешевке 

Үндеу   

Құрметті Әсет Өрентайұлы!

Астана қаласындағы көлік пен жол қатынасы туралы Сізге айту артық: елордамыз сонша ірі қала болмаса да, қазірдің өзінде қоғамдық көлік пен жолдағы кептелістің жайы мәлім. Оның үстіне ресми бас қаламыз күн санап өсумен елдегі мегополиске айналды. Бұл мәселе билік тарапынан көтеріліп, бірқатар шешімдер қабылданғанынан хабардармыз. Атап айтқанда, Астана әуежайы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасын қосатын жеңілрелсті көлік (LRT) құрылысы қолға алынғаны белгілі.

Алайда, көлік саласындағы сарапшылардың пайымы бойынша, жеңілрелсті көлік жүйесі (LRT) мәселені уақытша шешіп, оны кейінге шегіндірмек. Өйткені, көлік жүйесінің бұл түрі барынша қымбат және қаланың тұрғыны тығыз орналасқан аудандарды толық қамтымайды әрі жол ұзындығы әзірге небәрі – 22,4 км. Бұл жолды функционалдық тұрғыдан да, қаржылық жағынан да тиімді деуге болмайды! 9 метрлік биікке салынатын эстекадалық LRT жолдың қала көшесін тарылтатыны өз алдына, оның қыруар қаржы мен материалды шығындайтыны, қаланың ажары мен сәулетіне нұқсан келтіретіні белгілі. Әрине, бұл бастама мен құрылыс Сізге дейін шешіліп қойылған. Алайда, бүгінгі әлем мүлдем басқа көлік жүйесіне кірісе бастағанда, өткен ғасырдың жетегі мен етегіне жармасуымыз жаңалыққұмар Бізге жараспайды. Замани, қауіпсіз, жеңіл, экологиялық таза, құрылысы мен қолданысы қымбат емес көлік бәрімізге керек!

Айталық, Филиппин елі 2016 жылғы қыркүйекте Берлин қаласында өткен бүкіләлемдік Innotrans 2016 көрмесіне қатысқаннан кейін, мемлекеттік деңгейде жоспарланған метро құрылысынан бас тартып, басты жол жүйесі ретінде әлі еш жерде қолданысқа түсе қоймаған Юницкийдің ішек жолын таңдап таң қалдыруда. Бұл жол бізбен кедендік одақтағы Беларусь елінде бұрынғы жерлесіміз академик, инженер-технолог Анатолий Эдуардович Юницкийдің 40 жылдық авторлық еңбегі ретінде дүниеге келіп, сынақтан өтіп, сертификация жасалуда. Биылғы 1 шілдеде Минскіден 50 шақырымда орналасқан Марьина горка қалашығындағы Экотехнопаркта аталған жол жүйесі әлемге көрсетіліп, көрімдік алмақ. Юницкийдің ішек жол технологиясын қолдануға ондаған мемлекеттер 200 миллиардтан аса долларға алдын ала тапсырыс жасауға шарттасып, атап айтқанда, Араб Әмірлігі - 1,5 млрд доллар, Үндістан – 1 млрд долларға шарт жасау арқасында биылғы 2017 жылдың соңына қарай 100-ден аса жергілікті жобаны жүзеге асыру қолға алынуда. Үндістанның 3 штатындағы үш қала «ақылды қала» мәртебесіне ие болып және оның басты сипатын Юницкийдің ішекті көлігі (SKY WAY) анықтамақ. Сондай-ақ, Үндістан елдің бүкіл аумағын қамтитын 4,5 миллион шақырым SKY WAY жолын салуға  Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Қазіргі кезде әбден сарапталған ғылыми-техникалық тұжырым бойынша,  болашақ ішек жол экологиялық тұрғыдан таза, мейлінше қауіпсіз, барынша арзан әрі төзімді, жер талғамайтын және көше мен ландшафқа ешбір залалы жоқ, сәулетті, барынша жылдам да, табысты көлік жүйесі болып табылады. Астанада салынғалы отырған LRT-мен (жеңіл-релсті көлік) салыстырсақ, Юницкийдің  ішек жолының бағасы 8 есе арзан және ақталу мерзімі бірнеше есе қысқа.

«Skyway» аталатын Юницкий жолы краудинвестинг тәсілімен тыңғылықты, сенімді, әділ сипат алған. Оған ондаған мемлекеттің мыңдаған азаматтары қаржы құйып технопарк салып жатыр, технопарк осы жылдың аяғында толық бітеді. Жаңа жолдың ең алғашқы шақырымы биылдың өзінде Беларусь мемлекетінде басталып, Могилев қаласының басты жол жүйесі болғалы отыр.

Әлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырып және балама қуат көздерін паш етуді қолға алған ел ретінде әрі қымбат, әрі ыңғайсыз мешеу жолды салу - отаншыл қала тұрғындары ретінде бізді қатты қынжылтады. Шын мәнінде, Skyway жолын қаржыландыру бойынша Қазақстан азаматтары 163 елдің арасында 1-орында, ал қалалардың ішінде алғашқы екі орын Алматы мен Астана инвесторларына тиесілі. Бұл жайт біздің азаматтарымыздың барынша прогрессивті әрі қаржылай белсенді екенін аңғартады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы үндеуге қол қойған астаналық тұрғындар, Сізді қаламызға Skyway жүйесімен Астана халықаралық әуежайы - Астана теміржол вокзалы – «Нұрлы жол» вокзалы арасын қосатын және қалалық басқа көптеген маршруттарды қамтыған құрылысты қарастыруға шақырамыз. Бұған жұмсалатын қаржы LRT жолына есептелген 90 млрд теңге жеткілікті болса да, оған астаналық тұрғындар мен басқа да инвесторлар қаржысын құюға әзір екендігін баса айтамыз.

Сондай-ақ, Сізді биылғы 1 шілдеде Минск қаласында өтетін Юницкийдің Skyway ішекті технологиясын паш ететін тарихи Экофестивалге ресми делегациямен барып, ел абыройын асқақтатуға шақырамыз.

Бұл инновациялық технологиямен нақтырақ компанияның мына ресми сайтынан таныса аласыз: skywayinwestgroup.com.         

Құрметпен, астаналық тұрғындар:

Жаксыгарин К.Б.

Зейнелов Д.З.

Махмутов В.А.

Ахметов Г.Ж.

Калманбаева С.М. және басқалар.

Abai.kz 

6 пікір