Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4497 3 пікір 26 Маусым, 2017 сағат 10:11

Қазақстан әлемдік қауымдастыққа антитеррорлық операция кодексін ұсынады

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов Астанада БҰҰ-мен бірге бүкіләлемдік қауымдастыққа арналған антитеррорлық операцияның астаналық кодексінің жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ның қарауына ұсынған бірнеше бастама бар. Олар бүгін біз тап болып отырған халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күресте әлемдік қауымдастықты біріктіреді. Антитеррорлық операция жүргізу жөніндегі астаналық кодекс бұл ғаламдық қауіпке қарсы күрескілері келетіндердің басын біріктіруге шақырады. Қазір БҰҰ сарапшылары қазақстандық делегациямен бірге жұмыс істеп жатыр. Сосын бұл құжат БҰҰ Қауіпсіздің кеңесіне жіберіледі», - деп Еуразиялық медиафорум кезіндегі Қайрат Әбдрахмановтың сөздеріне сілтеме келтіреді жергілікті БАҚ.

Abai.kz

3 пікір