Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2338 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 13:15

Нұра Матай. Жұмыртқалар «шайқасының» жетекшілері жазаланды

Өткен аптада президенттік сайлауға түспек ниетін білдірген В.Козловқа жұмыртқа лақтырған «желтоқсаншыл» ұйым басшылары сотқа тартылған болатын. Кеше сот отырысы аяқталып, айыпталушылардың кінәсі анықталды. Қазақтың аса мейірбан һәм толерантты соты Гүлбаһрам Жүніске 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салып, Талғат Рысқұлбековті жеті күнге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Дүкен сөрелерінде тып-тыныш жатқан жұмыртқалар мен Сейітқазы Матаев ағамыздың баспасөз клубында тұрған орындықтарды саяси күрес аренасына алып шығып, елді естен тандыра жаздаған ағайындарымыздың біртүрлі әрекеттері заң бойынша, майда бұзақылық деп танылыпты.

Гүлбахрам ханым мен Талғат мырзаның  сот шешіміне көзқарасы белгісіз. Алайда, жұмыртқаға қарай алмайтындай жағдайда жүрген Козловтың есебі түгел сияқты. Әбілязовтың ақпараттық сойылына айналған «Республика» газетінің журналистері қазақ сотына қарсы сиырдың тезегін атқанын еске алсақ, жұмыртқа біршама таза дүние ғой деп жүрген болар.

Алайда, кешелі-бері қазақ үкіметі тауық еті мен жұмыртқаның бағасына қатаң бақылау орнату керек деп жатқанына қарағанда, қарапайым бұзақылықтың арты насырға шаппасын деп тілейміз. "Желтоқсаншылардың" кесірі ме, әлде басқа ма, әйтеуір қарашаның алғашқы күндерінде Кәрім Мәсімов үкіметі жұмыртқаның бағасын түсірумен әлек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553