Жұма, 29 Наурыз 2024
Бұ не мазақ? 8167 4 пікір 20 Маусым, 2017 сағат 08:56

Сотқа шағымданатынымды ескертемін

Кейінгі кездері ғаламтордағы әлеуметтік желілерде менің атымнан парақша ашып алушылар тым көбейіп кетіпті. Маған тілектес, ниеттес адамдар санаған екен, олардың жалпы саны 56-ға жетіпті. Тіпті билік басында жүрген кейбіреулердің шетелдерде қанша үйі бар екенін де менің атымнан жіберіпті. Сөздің ашығына келсек, менің бір де бір парақшам жоқ. Ғаламтор арқылы біреуге бір ауыз сөз жазып көрген адам емеспін. Ғаламторды меңгеруге енді ғана кіріскелі отырмын.

Ескертерім мынау: Есімімді, беделімді пайдаланып, менің атымнан парақша ашып алғандар мұндай алаяқтық сипаттағы жөнсіз әрекеттерін тоқтатпайтын болса сотқа шағымданатынымды мәлімдеймін.

Мұхтар ШАХАНОВ, Қазақстанның халық жазушысы, «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3589