Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2561 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 04:05

Қырғызстанның экс-президенті Бәкиевтің немере інісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Бішкек. 2 қараша. ҚазТАГ – Жалал-Абад сотының шешімімен Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевтің немере інісі - Санжар Бәкиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы сейсенбі күні Қырғызстанның Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Бақтыбек Рысалиев мәлім етті.

Тергеу барысында С. Бәкиевке 2010 жылдың 13-14 мамырында Жалал-Абадта жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды, қаруды заңсыз сақтап, билік өкілдеріне қарсы қару қолданды және кісі өлтірді деген айыптар тағылды.

Сейсенбі күні Жалал-Абад соты істі қарауды аяқтап, С. Бәкиевті жазасын күшейтілген режимдегі колонияда өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айыруға кесті. Ол тәртіпсіздіктер кезіндегі кісі өлтіру оқиғаларынан басқа,  айыптаудың барлық баптары бойынша айыпты деп танылды.

Жалал-Абад сотының көшпелі отырысы қауіпсіздік мақсатында Бішкек гарнизонының әскери сотында өтті.

0 пікір