Жұма, 29 Наурыз 2024
Аласапыран 8285 35 пікір 16 Маусым, 2017 сағат 11:56

Зымыран құлап кісі өлді. СІМ неге үнсіз?

Тағы да зымыран құлады. Тағы да зымыран зардабын қара халық тартуға мәжбүр. Қазақстанның Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан батысқа қарай 50 километр қашықтықта ресейлік "Союз-2.1а" зымыран тасығышының бөлшектері шашылып қалған. Осының салдарынан кісі өлімі орын алған.

Зымыран "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылған екен. Куәгерлер зымыран бөлшектері құлаған кезде, ауа температурасы 34 градус болып, қатты жел тұрып, өрт шыққан. Қазақстан төтенше жағдайлар комитеті бұған дейін 14 маусым күні кешке зымыран сынығы құлаған Жезқазған түбіндегі Талап ауылына жақын далада өрт болып, онда күйік шалған бір ер адам қаза тапқанын, бір адам жараланғанын хабарлаған.

Комитет олардың екеуі де зымыран сынығын жинау жұмыстарына қатысқанын айтады.

Роскосмос ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиғадан КАМАЗ көлігінің жүргізушісі, "НПО машиностроение" компаниясының жұмысшысы қаза тапқан. Компания зымыран бөлшегі құлайтын ауданға қызмет көрсетеді. Роскосмос қатты желден көлікті өрт шарпығанын айтады.

Әр зымыран құлаған сайын бір азаматтан айрылып, енді бірін жарақаттап жата береміз бе? Бұл азаматтардың өліміне кім кінәлі?

Қалдықтарды тазалаумен айналысатын компания ма, Қазақстан төтенше жағдайлар комитеті ме, жоқ әлде зымыранын қазақ даласына құлатып ала беретін Ресей ме?

Әрине, миллиондардың денсаулығына зиян келтіріп жатқан Ресей кінәлі. Зымыран тасығыштың құлауы себебінен қаза тапқан адамның отбасына Ресей қол ұшын соза ма? Өтемақы бере ме? Мұның бәрін Сыртқы істер министрлігі қолға алуы керек қой.

Бірақ, біздің СІМ үнсіз?

Адамымыз нақақ ажал құшып жатса да "әу" дей алмайтын біз қандай елміз?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606