Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Болған оқиға 4781 8 пікір 10 Маусым, 2017 сағат 23:48

Өскемен тұрғыны EXPO-2017 көрмесін көру үшін жаяу барды

Өскемен тұрғыны Ғалымжан Тоқтаров Астанаға EXPO-2017 халықаралық көрмесін көру үшін жаяу барған. Ер адам Астанаға 16 күнде жеткен, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығы.

Басылымның мәліметінше, Ғалымжан Тоқтаров осындай тамаша іс-шараны көргісі келгені соншалық - онда жаяу барған. Тоқтаров Өскеменнен Астанаға 26 мамырда шыққан.

"Мен уақтылы жетіп, көрмеге үлгергеніме қуаныштымын. Бастапқыда маған қиын болды. Бірақ кейін организм үйреніп кетті. Онымен қоса, жолда ауыл тұрғындары мені жақсы күтіп алып отырды", - дейді Ғалымжан Тоқтаров.

Айта кетейік, ер адам осыған дейін гір көтеру спортымен айналысқан. Бұл оның спорттағы алғашқы жетістігі екен. Қазіргі уақытта ер адам көрмені аралап, серуендеп жүр.

Абай-ақпарат

8 пікір