Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2965 0 пікір 2 Қараша, 2010 сағат 04:51

Біртуған байке. Қырғызға құтты болсын, ал, қазақ, ойлан!

Жасымыз бар, жасамысымыз бар бәріміз ұлардай шулап қит еткенге көрші Қырғыз еліндегі оқиғаларды сабақ ретінде мысал ете отырып айтуды әдетке айналдырған едік. Мұндай мысал айтқандардың дені өзінің ертеңі үшін іші қылпылдап отырған соң қорыққан бұрын жұдырықтайдының керін қылғанғанын да елдің қу іші сезді. Ішінен мырс етіп бір күлді де қойды. Сөйткен құдайы көршіміз Қырғыз еліндегі парламент сайлауының соңғы әрі нақты қортындысы белгілі болды. Сайлау қортындысының нәтижесіне қарағанда, басым дауыспен парламентке бірінші болып «Ата-Жұрт» партиясы өткен. Сондай-ақ, «Ар-Намыс», "Республика", Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы  "Ата-Мекен" партиясы да  жаңа парламенттің құрамына енбек.

Сөйтіп, ТМД көлемінде тұңғыш рет парламенттік басқару жүйесіне көшкен Қырғыз елінің парламенттегі орындарын сайлауда жеңіске жеткен партиялар төмендегідей бөліспек:  "Ата-Жұрт" - 28,  ҚСДП - 26, "Ар-Намыс" - 25 "Республика" - 23, "Ата-Мекен" - 18.

Міне, осылайша қазаққа мысалға айналған қырғыздың сайлауы бір ізге түсіп, бір қортындыға келді. Енді, кешікпей жаңа мемлекеттік және саяси басқару жүйесі өз жұмысын бастамақ. Сөз жоқ, Қырғыз елі бұл күнге қан кешіп келді. Ондай жағдайды досың түгіл, дұшпаныңа тілемесің анық. Алайда, Қырғыз елі ендігі жерде жаңа өмірге бүкіл халық болып бетбұрып отырғаны байқалады. Бауырлас халық аз уақыттың ішіндегі алауыздық пен қақтығыстан зәрезәп болғанға ұқсайды.

Көрші елдің басына күн туғанда қазақ билігі де қарап қалған жоқ. Вагондарға тиелген азық-түлікті, құрылыс материалдарын күні-түні жөнелтіп жатты әрі іргелес елдің тыныштығын, бақуатты күндерге жетуін қырғыз халқынан кем тілеген жоқ.

Дегенмен, бізге де бір өзгерістің сарғайтып жүріп, әйтеуір, келері анық. Сол кезде Қырғызды мысал еткен кездерімізді ұмытпасақ екен. Әйтпесе, «Хабарға» қарағанда ғана қабағымыздың ашылғаны болмаса, біз де қайбір жетісіп отыр дейсіз... Бұл біздің ой. Оқырманның ойы бәлкім, басқа болар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір