Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2879 0 пікір 2 Қараша, 2010 сағат 04:34

Әй, «Нұр Отан», ЕҚЫҰ дан ұят болды-ау

Күні кеше елдегі облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардағы босаған депутаттық орындарға сайлау болып өтті. Республика бойынша түрлі себеппен қаңырап бос қалған мәслихаттардағы жылы орындардың саны 63 болған. Иесіз қалған депутаттық креслоларға таласып, сайлауға барлығы 167 азамат өз кандидатураларын ұсынған. Сөйтіп, сайлау бюллетендеріне 136 кандитаттың есімдері енсе, олардың 73 і өзін-өзі ұсынған, 32 кандитат қандай партияда екенін көрсетпеген. Ал, 40 кандидат болса, ешқандай партияға мүше емес болып шыққан. Сөйтсе, сайлау нәтижесінде мәслихаттардағы 63 орынға иелік етіп шыға келген су жаңа мәлихат депутаттарының баршасы «Нұр Отан» партиясының мүшелері екені белгілі болған.

Ал, ел аумағымен алғанда, сайлауда дауыс беру кезеңін бақылап және бюллетендерді санауға БАҚ ның, саяси партиялардың, кандидаттардың сенімді өкілдері бар 741 адам қатысқан.

Осылайша, суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын «мүбәрәк» жүздері Астанадан ескен нұрға балқыған «Нұр Отан» партиясының мүшелері тағы да халықтың «қолдауына» ие болып, ел сөзін жергілікті биліктің дәргейіне жеткізіп, сайлаушыларының тілек-талаптарын арқалап, мәслихаттың жылы әрі ыңғайлы креслоларына барып жайғасты.

Қарап отырсақ, бұл өзі ұяттау іс болғанға ұқсайды. Олай дейтініміз, Астана алашапқын болып ЕҚЫҰ ның саммитіне дайындалып жатқанда жергілікті билік еліміз төрағалық етіп отырған халықаралық ұйымның қағидаттарына қайшы келіп, депутаттардың барлығын бір партиядан сайлап жіберіп, онысымен қоймай сайлауға қатысты орталық сайлау комиссиясына ешқандай арыз түскен жоқ яғни ың-шыңсыз өтті және бақылаушыларда ешқандай қиғаштық байқамағанын жария етіп отырғаны шыныменде, ептеп ертегіге ұқсайды екен.

Әлбетте, ел не десін. Сайлауға түскен «Нұр Отан» партиясының үміткерлеріне дауыс беріп, пәледен машайық болған шығар. Себебі, «Нұр Отан» кекшіл партия деп естиміз. Ол өзіне дауыс бермеген сайлаушыға екі дүниеде қырын қарап кетуі мүмкін. Ел - мәслихаттар жұртқа пайдасы тиетін бір іс қылады дегеннен шамасы күдерін үзіп алған-ау. Кім білсін, мүмкін мәлихаттардағы мырзалар өз сайлаушыларын мамыражай өмірге жеткізу үшін жан алып, жан беріп жарғақ құлағы жастыққа тимей сайлаушыларының мұң-зарынан қабырғасы қайысып жүрген шығар. Шынымен де, «Нұр Отан» партиясының жергілікті жердегі мүшелері сайлаушыларына қарлығаштай қанатымен су себуге талпынған қамқор болар, мүмкін-ау. Әй, бірақ соңғы жолдарға өзімде сене алмай отырмын. Ертегіге ұқсап кетті-ау деймін.

Хош, босаған орындарға бола өткен сайлаудың сиқы аш адамның алдынан сайлаудан соң тойдырамын деп ас алып өткендей болса, әне-міне, болуы мүмкін десіп жүрген парламент сайлауының да сценариі таңсық болмай шықса қайтсін...

Бәрін қойшы, еуропадан ұят болды. Уәдені үйіп едік. Төрағалық кезеңінде де баяғы соқпағымыздан жаңылмайтынымызды тағы бір рет дәлелдегендей болдық па қалай өзі?! Тілімнің ұшына келіп тұр, айта салайын «Судан өткенше қызыңды алайын, судан өткен қызыңда ұрайын» деген мақал осы бір жерге оңтайлы сияқтанады.  Бәлкім, еуропа да біздің елде саяи реформалар жүріп, бостандық атаулының үстемдік құрғанын шын ниетімен қаламайтын шығар...

Қалай болғанда да, қандай сайлау болсын көзіңіз тірі тұрғанда дауысыңызды көңіліңіз қаламаған кандидатқа қор қыла көрмеңіз, сайлаушы!

«Абай-ақпарат»

0 пікір