Сейсенбі, 12 Қараша 2019
Жаңалықтар 1534 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 14:19

Оңтүстік Қазақстанда сауданың дамуы

(XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басы)

Бибінұр  Сейдібаева

Орта Азия мен Ресей арасындағы сауданы дамытуда Қазақстан маңызды рөл атқарған. Бұл елдерді бір-бірімен және Қытаймен жалғастыратын сауда жолдары қазақ жерінен өткен1.

Ресей әскерінің қазақ даласына енуі XVIII ғ. І жартысында  басталып, XIX ғ. ортасында болашақта-ғы Түркістан генерал-губернаторлығының солтүстік шекарасы алып жатқан жерлерге дейін кеңейді. Бұл уақытта Жетісу мен Сырдария облысының кішігірім бөлігі ғана Ресейге бағындырылған еді2. 1847 ж. Сыр өңіріндегі орыс әскерлері салған ең алғашқы қоныстың бірі - Райым бекінісі3. Арал теңізінен 60 шақырым қашықтықта жатқан бұл бекіністі, № 1 форт деп атап, кейіннен бұл фортты Қазалыға ауыстырды4.

1853 ж. патша әскерлері Ақмешіт бекінісін (қазіргі Қызылорда қаласы) басып алды. Бұдан кейін, Қырым соғысының әсерінен, патша әскерлерінің қозғалысы біршама тоқтады. Бірақ, 1860 ж. бастап бұл әрекеттер қайта жанданды. 1864 ж. Әулие Ата, Шымкент, Түркістан, ал 1865 ж. жаз айында Ташкент қаратылды. 1868 ж. Самарқанды бағындырғаннан кейін, бұл жерде Зерравшан округі құрылды. Ал 1873 ж. төменгі Әмударияның оң жағалауын бағын-дырып, Әмудария бөлімі құрылды.

(XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басы)

Бибінұр  Сейдібаева

Орта Азия мен Ресей арасындағы сауданы дамытуда Қазақстан маңызды рөл атқарған. Бұл елдерді бір-бірімен және Қытаймен жалғастыратын сауда жолдары қазақ жерінен өткен1.

Ресей әскерінің қазақ даласына енуі XVIII ғ. І жартысында  басталып, XIX ғ. ортасында болашақта-ғы Түркістан генерал-губернаторлығының солтүстік шекарасы алып жатқан жерлерге дейін кеңейді. Бұл уақытта Жетісу мен Сырдария облысының кішігірім бөлігі ғана Ресейге бағындырылған еді2. 1847 ж. Сыр өңіріндегі орыс әскерлері салған ең алғашқы қоныстың бірі - Райым бекінісі3. Арал теңізінен 60 шақырым қашықтықта жатқан бұл бекіністі, № 1 форт деп атап, кейіннен бұл фортты Қазалыға ауыстырды4.

1853 ж. патша әскерлері Ақмешіт бекінісін (қазіргі Қызылорда қаласы) басып алды. Бұдан кейін, Қырым соғысының әсерінен, патша әскерлерінің қозғалысы біршама тоқтады. Бірақ, 1860 ж. бастап бұл әрекеттер қайта жанданды. 1864 ж. Әулие Ата, Шымкент, Түркістан, ал 1865 ж. жаз айында Ташкент қаратылды. 1868 ж. Самарқанды бағындырғаннан кейін, бұл жерде Зерравшан округі құрылды. Ал 1873 ж. төменгі Әмударияның оң жағалауын бағын-дырып, Әмудария бөлімі құрылды.

Ресейге қараған соң Оңтүстік Қазақстан өңі­рінің Ресей мен Орта Азия хандықтарының сауда қа­рым-қатынасындағы маңызы артты. Өйткені бас­ты керуен жолдары №1 Қазалы, Перовск форттары, Әулие Ата, Шымкент, Түркістан уездері арқылы өтетін.

П.И.Неболсинге сүйенсек, Орта Азия елдеріне Ресейден әкелінген  сауда айналымындағы негізгі тауарлар мынадай: 1) мақта-мата өнімдері: шыт, коленкор, миткаль (мақтадан тоқылатын ең арзан кездеме, түссіз шыт), кенеп (холстина), орамалдар, нанка (сарғылт түсті, қалыңдау кездеме), қызыл мата (кумач), кисея, мақпал (плис - мақта барқыт); 2) жі­бек мата өнімдері; 3) шұға; 4) былғары өнімдері: юфть (былғарының ерекше сорты), өңделген терілер, қара терілер, ешкі терілері; 5) қант, құмшекер және мұз кәмпиттер; 6) шайлар; 7) бал, балауыз; 8) ағаш өнімдері мен сандықтар; 9) бағалы аң терілері: түл­кі, қарсақ, бұғы терілері, 10) шишадан жасалған өнімдер: айналар, шынылар, құмыралар, ыдыстар, фарфор мен қыштан жасалған ыдыстар, 11) бояулар: кошениль, сандал, киноварь (қызыл түсті минерал, сол минералдан алынған бояу), лазурь (көкшіл бояу), 12) химиялық бояулар:  сассапариль (мәңгі жасыл өсімдіктер), купорос (металдың күкірт қыш­қылды тұзы), мүсәтір, ашудас; 13) әртүрлі уақ-түйек тауарлар: қағаз өнімдері, көзілдірік, сағат, ор­ган (үрлемелі клавишті музыкалық аспап), темекі, темір бұйымдары, опа-далап, лимон, маржан, бүркіт, қаршыға, сұңқар және т.б.

Орта Азиядан Ресейге жіберілген негізгі тауар­лар: 1) мақта, иірілген жіптер, бөз, выбойка, халаттар; 2) жібек; 3) мал шаруашылығы мен баға­лы аң өнім­дері: қой, ешкі, жылқы, түйе (өте аз мөл­шерде), түйе жүні, қой мен ешкі жүні, ақ бөкен мүйізі, өңделмеген те­рілер, бағалы аң терілері, ел­тірі; 4) Жүн мен түбіт­тен тоқылған өнімдер: кілем­дер, паластар, орамалдар; 5) бояулар: марена (тамы­рынан қызыл бояу алына­тын шөп), бызгунж, испарак, индиго (қара көк бояу); 6) дермене тұқы­мы; 7) кептірілген жеміс-жидек­тер; 8) сарацин тары­сы; 9) шайлар; 10) бағалы тастар мен маржандар; 11) әр түрлі тауарлар: күнжіт майы, анардан алын­ған уксус, бұхарлық шарап өнім­дері, ас бұрыштар, табак, қытайлық фарфор ыдыс­тар және т.б.5.

П.И.Небольсиннің мәлімдеуінше, XIX ғ. ІІ ширегінде Оңтүстік Қазақстан мен Ресей саудасы айналымының мөлшері төмендегідей: 1827-1837 ж. он жылдың ішінде 10,53 млн. сом., 1840-1850 ж. - 15,73 млн. сом6. Яғни, соңғы он жылда алдыңғымен салыстырғанда 36,4% өскен7.

Егер Орынбор кедені арқылы өткен 1857 ж.  сауда айналымын 100% деп алсақ, онда сауда айналымының өсімі төмендегідей:

Р/с

Жылдар

Ресейден Орта Азияға әкелінген тауарлар

Орта Азиядан Ресейге жіберілген тауарлар

1

1857

100,0

100,0

2

1859

113,3

127,5

3

1861

138,4

141,8

4

1863

161,4

121,4

5

1865

151,0

164,1

6

1867

214,1

439,3

 

 

Ресейге шығарылған тауар айналымы шамамен 4,4 есе, ал Ресейден  әкелінген тауар айналымы 2,14 есе өсті. 1857-67 жж. он жылдықтағы сауда айналымы мөлшері 1840-50 жж. он жылдықтағы сауда айналымынан он есеге артты (946%).

Сауда саласында, біріншіден, өлкені орыс әскерлері жаулап алғанға дейінгі кезеңде және әскери іс-қимылдар жүріп жатқан он жылдың ішінде сауда байланыстарының жылдам қар­қын­мен дамығандығын, екіншіден, XIX ғ. 50-ж. бұл бай­ланыстардың өте үлкен серпіліспен жоғары кө­терілгендігін көреміз. П.Г.Галузоның пайым­да­уынша, бұл көрсеткіштердің артуы Ресейдің 1853-55 жж. соғыстағы (Севастополь соғысы және Париж бейбіт келісімі) сәтсіздігімен тікелей байланысты, яғни Парсы елі, Түркия және Батыс Еуропаға тауарларды шығару мүмкіндіктері азайған соң Орта Азияның  сауда нарығы ретіндегі маңызы дереу артты8.

Өлкедегі сауда байланыстары дамыған сайын орыс көпестерінің монополиялық үстемдігі үшін өлкені бағындырудың қажеттігі арта түсті. Орыс көпестерін мазалаған ең басты мәселе - өздерінің өлкедегі «бөтендігі» себепті жиналатын жоғары салықтар мен шектеулер. Олар енді «бөтен»  емес, осы өлкенің «қожайыны» болғысы келді.

Сондықтан Ресей, Қоқан, Хиуа және Бұқар хандықтарымен трактаттар жасап, орыс көпестерінің құқықтарын жергілікті көпестердікімен теңестіріп қана қоймай, тіпті оларға мұсылман көпестерінде жоқ құқықтарды беруді талап етті. Мысалы, оларды мұсылмандар төлейтін  «ерікті» және басқа да са­лықтардан босату, немесе «орыс азаматтарын» әмір­ліктің сот заңдары алдындағы жауапкершіліктен то­лығымен босату. Бұл талап орыс көпестерін ерекше пұрсатты жағдайға көтерді.

1866 ж. Бұхар әмірлігіне ұсынылған трактат жобасы: «V бап. Жоғары мәртебелі әмірші орыс аза­маттарына бұхарлық қалалардың өздері қалаған жерлерінде орыс керуен-сарайларын иеленуге рұқсат етеді, бұл жерде олар өз тауарларын сақтайды және бұл керуен-сарайлар қол сұғылмайтын меншік болып есептеледі.

VII бап. Жоғары мәртебелі әмірші әртүрлі діни сенімдегі барлық орыс азаматтарына Бұхар иеліктерінде еркін қоныстануға және оның Ресей империясы азаматтығын сақтай отырып, жылжымайтын мүлікті сатып алуына  рұқсат етеді.

VІІІ бап. Жасаған қылмыстарына байланысты, Бұхар иеліктерінде тұратын орыс азаматтарының үстінен түскен арыздардың барлығын бұхарлық билік басындағылар емес, Түркістан генерал-губернатор­лығы қарастырады, Бұхар үкіметі аталған генерал-губернаторлықпен байланысып, кінәлі адамдарды сонда жіберуі қажет»9.

Осы тұрғыдағы Хиуа және Қоқан хандығымен жасалған келісімдердің Бұхар хандығымен жасал­ған келісімнен еш айырмашылығы жоқ еді. Орыс көпестері ірі қалалардың көпшілігінде қожалық етті, барлық сауда, тіпті қылмыстық істердің өзінде генерал-губернатордың қорғауында болды.

 

«Қазақ тарихы» журналынан

 

0 пікір