Жұма, 29 Наурыз 2024
Осы ғой енді... 17590 15 пікір 6 Маусым, 2017 сағат 10:09

Қытайдың "қатын алсаң - қазақтан ал" саясаты

Қытайлар қазақ қызын әйелдікке алуды телеарналар арқылы насихаттай бастады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мына бейне-жазбаны көріп отырып, ханзулардың шектен шығып бара жатқанын аңғаруға болады. Олар Ардақ есімді қазақ қызының  қытай жігітінің етегінен ұстағанын бүкіл арналары арқылы халқына көрсетіп, өз азаматтарын шекараға қаратып, "жұтындырып" қойды.

Мұндай сюжеттерді көрген әр ханзу азаматы "қазақ қызын әйел етуді" арман етері хақ. Бойы қысқа, көзі қысық қытай қызынан қазақтың аруы мың есе артық екенін айтпаса да түсінікті.

Қыз - көздің құрты. Әйелінен еркегі көп, "көзі қанталаған" ханзу азаматтары енді қазақ еліне ұрын келуді бұрынғыдан да үдете түсетіні анық.

Мұндай жымысқы саясаттың жүргізіліп жатқаны бүгін ғана емес. Осы жылдың басында ғана Қазақстандағы Қытай елшiсi Чжан Ханьхуэй журналистерге берген сұхбатында "қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады" деп ашық мәлімдеген болатын.

Елші Қытайдан келiп, жергiлiктi қазақ қыздарына үйленiп жатқан жiгiттер аз емес екенін айта келіп: «Мұндай жағдайлар көп. Бұл қалыпты тәжiрибе. Мен мұндай некелердi құп көремiн. Ешкiмдi ешкiм шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек», - деген-ді.

Мемлекеттік деңгейдегі дипломаттың ойын бүкпесіз жеткізіп, аралас некені насихаттауының өзі - саясат.

"Қыздың ары - ұлттың ары". Қазақтың бір қызын өзге ұлт өкілінің өңгеріп кеткені - ұлттың ар-ұятының былғанғаны. Шындығын айтуымыз керек, күні кешеге дейін бабаларымыз қыздарын қызғыштай қорып, бетіне көлеңке түсірмей келді. Қытайдағы қандастарымыз "ханзуға тиген қызды әкесі атып тастапты" деген секілді түрлі аңыздарды ойлап тауып, қыздарын "тек-текпен" тізгіндеп отырды.

Енді міне, сол мықтылығымыздан түк қалмады. Қытай ішкі үрейін жеңіп, телеарналары, дипломаттары арқылы ашық шабуылға шығып отыр.

Бұл - Хань әулетінің ұрпағы, яғни жұңго-қытай баласы, тап іргеңде ашық-шашық қазақ деген ел жатыр, қыздары сұлу екен, жат жұртқа сұраусыз ұзатыла береді екен, қарап жүрме, қамдан, «қатын алсаң - қазақтан алдың» ашық саясатын аңғартады, әрине!

Ардақтың күйеу тапқанына бүкіл қытайлар қуанып жатуы, қазақтың көңілі үшін қытай күйеуге қазақы тақия кигізе салудың жемісін олар он жыл өтпей-ақ жей бастайды. Ал, бізді мың жылдық азап күтіп отыр.

Не істемек керек?

Ендігі сауал осы

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563