Жексенбі, 15 Желтоқсан 2019
Экономика 1463 0 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 11:45

Өмірзақ Шөкеев: Директорлар кеңесі мүшелері қабылдаған шешімдеріне өздері жауап береді

«Самрұқ-Қазына» қорының директорлар кеңесі мүшелері қабылдаған шешімдеріне өздерінің бет-беделдерімен жауап береді.

Бұл туралы «Самрұқ-Қазына» қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев қорды трансформациялау нәтижелерін таныстыру рәсімі кезінде айтты.

«Директорлар кеңесі – бұл ең жоғарғы деңгей, ал директорлар кеңесі мүшелері – ең сыйлы адамдар. Олар құқықтық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар абыройларымен де жауап береді. Директорлар кеңесі қабылдаған кез-келген шешім олардың беделіне әсер етеді», - деп Шөкеев жиналған әріптестерінің есіне салды.

Ұлттық компанияларда директорлар кеңесінің шешім қабылдаудағы рөлі  трансформациялау аясында күшейді. Бағдарламаның алдыға қойған тапсырмаларының бірі – компанияларды әлемдік стандарттарға, сонымен қатар Экономикалық серіктестік және даму ұйымы стандарттарына сәйкестендіру. Бұл өз кезегінде, қордың өзі мен еншілес компанияларында корпоративтік басқару қағидаттарын қайта қарауды талап етті.

«Трансформация «Қазақстан Темір Жолы» АҚ директорлер кеңесіне тікелей есеп беретін жоба ретінде бізге, тәуелсіз директорлар мен директорлар кеңесінің басқа да мүшелеріне компания жұмысын іштей көруге көптеп көмектесті», - деп атап өтті «ҚТЖ» АҚ ҰК тәуелсіз  директоры Кристиан Кун.

Ол директорлар кеңесіне деген көзқарас пен оның компанияға ықпалы қалай  өзгергенін айтып берді.

«Сыртқы кеңесшілердің көмегімен компания стратегиясы қайта қаралды. Сондай-ақ, нәтижесінде біз ол стратегияны бұрын өзімізде болған моделден әлдеқайда жақсырақ, ұйымдастырушылық моделге трансформацияладық. ҚТЖ осылай істеу керектігін білетін, алайда трансформациясыз осындай жұмысты, маңызды өзгерістерді бастауға мүмкіндік болмады», - деп Кун сөзін жалғады.

Естеріңізге сала кетейік, «Самрұқ-Қазына» қорын трансформациялау бағдарламасы ресми түрде 2014 жылдың қазанында басталған. Қазіргі уақытта бағдарламаны алты ұлттық компания іске асырып отыр. Олар  –  «ҚТЖ» АҚ ҰК,  «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК, «Қазатомпром» АҚ ҰАК, «Самрұк-Энерго» АҚ, «KEGOC»  АҚ және «Қазпочта» АҚ.

0 пікір