Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Экономика 4375 0 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 11:40

Ричард Эванс: «Самұрық-Қазынаның» акционерлері – Қазақстан халқы

«Самрұқ-Қазына» активтерінің шын иелері - Қазақстан халқы. Сондықтан қазіргі жүріп жатқан трансформация солардың мүдделері үшін жасалып жатқан жұмыстар.

Бұл туралы компанияның тәуелсіз директоры  сэр Ричард Эванс қор қызметкерлері мен портфельдік компанияларға трансформацияның аралық қорытындыларын таныстыру рәсімі барысында мәлімдеді.

Кезекті таунхоллда «Самрұқ-Қазына» қорының басшылығы корпоративтік орталықтың трансформациясы қорытындыларын және қордың Стратегиялық холдингтің жаңа моделіне – белсенді инвесторға көшуі туралы  жариялады.

«Мен бүгін корпоративтік орталықтың трансформациясы аяқтағанын атап айтқым келеді. Бірақ біз үнемі жетілдіріліп отыратын боламыз. Енді эстафетаны еншілес компанияларға береміз», - деп мәлімдеді қор басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, портфельдік компаниялардың топ-менеджерлеріне трансформация бағдарламасын ары қарай жүзеге асыруға толықтай еркіндік берілетіндігін ескертті. Шығындарды азайту мен оңтайландыруға бағытталған барлық бастамалар қор тарапынан қолдау көретіндігін Шөкеев атап өтті.

Басталған өзгерістерді жалғастыру қажеттілігін қордың тәуелсіз директоры сэр Ричард Эванс та тілге тиек етті.

«Трансформациялық өзгерістер – марафон. Алайда бұл марафон қалыпты қадаммен жүріп өтіледі. Бұнда мәре сызығы жоқ, өзгерістер – ол конвекциялық үдеріс емес, ешқашан аяқталмайтын созылмалы үдеріс. Біздің активтеріміздің нағыз иегерлері Қазақстан халқы екенін түпкі мақсатымыз ретінде есімізден шығармауымыз керек. Біздің қазіргі қызметіміз Қазақстан халқы үшін»,- деп мәлімдеді өз сөзінде Эванс.

Естеріңізге сала кетейік, «Самрұқ-Қазына» қорының трансформациясы бағдарламасының ресми басталуын 2014 жылдың қазан айында Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған. Сол кезде бағдарламаның мақсаты ретінде – қорды мемлекеттің, яғни халықтың байлығын арттыратын жоғары технологиялы, әрі аса нәтижелі компанияға айналдыру айқындалған еді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522