Жұма, 29 Наурыз 2024
Экономика 4479 0 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 11:31

Өмірзақ Шөкеев: Почтаның болашағы жаңа технологияларда

«Трансформациялаудың ең жарқын мысалы «Қазпочта»,-  деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік орталығында трансформация бағдарламасын қорытындылады және еншілес компанияларға эстафета табысталды. Қор басшысы «Қазпочта» АҚ трансформациясын табысты мысалы ретінде келтірді.

«Почта – трансформацияланудың қаншалықты маңызды екендігін көрсететін жарқын мысал. Егер почта кво-мәртебесін сақтап, ескіше жұмыс істеуін жалғастыра берер болса -  құрдымға кетер еді. Почта үшін бүгінгі барлық дәстүрлі бизнестер ескірді. Барлығы жаңа технологияларда жүргізіліп жатқан қазіргі заманда кім хат жіберіп жатады, егер бейімделе алмаса, жаңа технологиялар почта тәрізді бизнестерді жойып жібереді»,- деді Шөкеев.

Сонымен қатар, қор басшысы пошта үшін дәстүрлі емес қызметтерге ден қоюға шақырды.

«Қазір пошта банктік мекеме болып келе жатыр, ол дәстүрлі емес басқа да операцияларда табыс табуы керек. Ол мүлдем басқа технологияларға – e-commerce бағытына кетуі керек»,- деп сөзін жалғады ол.

«Казпочта» басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов бұл компания «Самұрық-Қазына» тобы ішіндегі толықтай қызмет көрсетуге және клиентке бағытталған жалғыз компания екенін айтты.

«Трансформация асында біз логистикалық инфрақұрылымды жүзеге асыра алдық, әрине оны жетілдіре түсеміз, дегенмен де, біз Қытайдан Ресейге, Еуропаға және кері бағытта, сондай-ақ Қазақстан ішінде де сол тауарларды тасымалдауды қолға алуымыз керек»,- деп мәлімдеді Сәрсенов.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553