Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 4239 1 пікір 4 Маусым, 2017 сағат 23:58

Жетістікке жетуімізге не кедергі?

...Біздің жетістікке жетуімізге кедергі келтіретін нəрсе өте көп екенін білесіз бе? Соның бірі - өткеннен қалған өкпе-реніш, өксік. Бала кезден бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан жалған ой-намыспен арпалыс.

Біз оны байқамайсыз, білмейсіз. Кеудемізге жиналып қалған қоқыстың бойымызда сасып тұрғанын сезбейміз. Менің білуімше, оны "аура" дейді. Өйткені бойында ыза-реніші басым, өмірге үнемі ренжіп жүретін адамға "аурасы нашар осының" деп тек алыстан сəлем беріп, оны жанына жақындатпауға тырысады. Солай емес пе?

Ал керісінше, аурасы таза адамдардың болмыс-бітімі, өзін ұстауы ешкімге ұқсай бермейді ғой. Неге десеңіз, олар біреудің теріс энергиясын қабылдамайды. Біреу оны кемсітіп жатыр ма, ол жайында өсек айтып жатыр ма, балағаттады ма шаруасы жоқ. Көңіліне алмайды, мəн бермейді. Жəне өзі біреуге тіл тигізбеуге барынша тырысады. Өз əлемінде өмір сүреді. Өзін ғана тəрбиелеп, көпке үлгі болып жүре береді. Ал айналасындағылар соған қарап ойларын, бойларын түзей бастайды.

Мені де тəрбиелеп жүрген аурасы таза бірнеше қыз бар. Шүкір айтамын. Алланың менің əлеміме жіберген елшідей көрінеді. Бірнəрсені əдетке айналдырып, санамызға сіңіріп алайықшы, иə? Істеген жақсылығымызды, атқарған игі ісімізді, жақсы ойымызды ешкімге міндет етпейікші? Талап етпейікші? Жарай ма? Өз лəззəтіміз үшін өмір сүрейік. Біреуге бірнəрсе дəлелдеудің қажеті жоқ. Бəрін сараптап отыратын ұлы төреші - Жаратқан ғана барын ұмытпайық.

Мәдина Маханбетқызы

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір