Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 15352 19 пікір 4 Маусым, 2017 сағат 23:33

Елбасының қызы академик атанды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. Дәл осындай ғылыми атақ ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинге де беріліп отыр. Бұл туралы ғылым академиясының сайтында жарияланған.

Академияның жаңа мүшелері 1 маусымда өткен ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиынының сессиясында сайланған. Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің академигі атанса, Марат Тәжин әлеуметтану саласының академигі атағына ие болды.

Сонымен қатар, экс-мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі де "шығыстану" ғылымының академигі атанды. Жалпы, ғылымдағы ең жоғары осынау атақ барлығы 69 адамға берілген. Олардың қатарында медицина, әдебиет, тарих және математика салаларына елеулі үлес қосқан ғалымдар бар.

Абай-ақпарат

19 пікір