Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2815 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 11:03

Тоғыз айдың табысы толымды

Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасында ал­қа мәжілісі өтіп, онда ағымдағы то­ғыз айдың қорытындысы егжей-тег­жейлі сөз болды. Негізгі баян­даманы басқарма бастығының орын­басары Тастанбек Есентаев жа­сады. Алқа мәжілісіне облыстағы спорт мектептерінің директорлары, ау­дан­­дардағы спорт бөлімдерінің бас­шы­лары, жаттықтырушылар мен ма­мандар қатысты.
- Тоғыз айдың ішінде ауыз тол­тырып айтар табысымыз жоқ емес, бар. Дегенмен, қол жеткізген табысқа тоқмейілсімей, бірінші кезекте бүгінгі таңда бізді толғандырып жүрген кө­кейкесті мәселелер мен алдымызға қойған міндет-жоспарларды сөз ете­йік, - деп атап өтті өңір спортының басшысы Ерден Халилин.
Иә, тоғыз айдың ішіндегі жетіс­тіктерді жіпке тізер болсақ, әжептәуір тізім түзіледі. Десе де, соның ішіндегі ел түгілі, әлемнің өзі назар аударған елеулілеріне тоқтала кетейік...
Биыл қыста желаяқ қызымыз Ека­терина Айдова Германияда жас­өспірімдер арасында өткен Әлем Ку­богы жарысында алтын жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, ол Мәскеуде өткен әлем чемпионатында да алдына салмай, чемпион атанған болатын.

Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасында ал­қа мәжілісі өтіп, онда ағымдағы то­ғыз айдың қорытындысы егжей-тег­жейлі сөз болды. Негізгі баян­даманы басқарма бастығының орын­басары Тастанбек Есентаев жа­сады. Алқа мәжілісіне облыстағы спорт мектептерінің директорлары, ау­дан­­дардағы спорт бөлімдерінің бас­шы­лары, жаттықтырушылар мен ма­мандар қатысты.
- Тоғыз айдың ішінде ауыз тол­тырып айтар табысымыз жоқ емес, бар. Дегенмен, қол жеткізген табысқа тоқмейілсімей, бірінші кезекте бүгінгі таңда бізді толғандырып жүрген кө­кейкесті мәселелер мен алдымызға қойған міндет-жоспарларды сөз ете­йік, - деп атап өтті өңір спортының басшысы Ерден Халилин.
Иә, тоғыз айдың ішіндегі жетіс­тіктерді жіпке тізер болсақ, әжептәуір тізім түзіледі. Десе де, соның ішіндегі ел түгілі, әлемнің өзі назар аударған елеулілеріне тоқтала кетейік...
Биыл қыста желаяқ қызымыз Ека­терина Айдова Германияда жас­өспірімдер арасында өткен Әлем Ку­богы жарысында алтын жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, ол Мәскеуде өткен әлем чемпионатында да алдына салмай, чемпион атанған болатын.
Қаражал қаласының қыраны Қай­рат Ағыбаев Сингапурде өткен жасөспірімдердің олимпиадалық ой­ын­дарында топ жарды. Жерлес дзю­дошы, әлем чемпионы Максим Раков Алматыда өткен Әлем Кубогы жолындағы жарыста 100 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын түгел жығып, өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Дәл осы мезгілде, яғни, 25-26 қыркүйек күндері Сербияның ас­танасы Белградта кикбоксингтен бол­ған жастар арасындағы әлем чем­пионатында қарағандылықтар Ар­слан Майшыбаев, Руслан Баязитов және Нұрбек Тұрдиев қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Бұл біріншілікке әлемнің 50-ден астам мемлекетінен екі мыңға жуық спортшы қатысқанын есепке алсақ, біздің жігіттердің бұл табысын өте жоғары жетістік деп бағалауға болады.
Мұның алдында Польшаның Кар­пач деген қаласында каратэ шотоканнан ХІІ әлем чемпионаты өтіп, дүбірлі дода қорытындысында жерлестеріміз Анастасия Иверская, Клим Рождес­твенский, Марсель Абзалов және Влад Гераськин жеңімпаз атанған болатын. Ал ардагерлер арасындағы сында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Ешкинге ешкім жарытып қарсылас бола алмады.
Таяуда ғана Тбилиси қаласында болып өткен әлем чемпионатында Шет ауданының тумасы, самбошы Айдын Дартаев алтын медальға ие болса, тағы бір жерлесіміз Жансай Смағұлов осы сында қола жүлдені қанағат етті.
«Біз әрқашанда өзіміздің атақ­ты спортшыларымызға сенім арта­мыз. Оларға көрсетілер құрмет пен қамқорлық та өз дәрежесінде бо­луға тиіс. Мысалы, 2011 жыл­дың бюджетінде өңірдің 11 спорт­шысына стипендиялық қаражат қа­рас­тырылған. Яғни, еліміздің Ұлттық құрама командаларына мү­ше спортшыларымыз ай сайын ор­таша есеппен 70-80 мың теңгеден жалақы алып тұратын болады. Бі­рақ та, біз болашағынан мол үміт күт­тірген кейінгі толқын өкілдерін де естен шығармауымыз керек. Бала­лар мен жасөспірімдер спортын да­мытпайынша, біздің спорттағы табыс­ты жолымыз тым келте болады», - деп атап өтті Ерден Халилин.
Басқарма басшысы атап айтқан мәселенің бірі - Қарағандының фут­бол клубы «Шахтердің» бүгінгі күн­дегі мүшкіл халі. Футбол аламаны басталғанда тізгінге ие бермей шапқан «Шахтер» мәреге таяп қалған тұста тапырақтады да қалды. Ең маңызды матчтарда қатарынан бірнеше рет ұтылған соң, команданың бас бапкері Владимир Чебурин қызметінен боса­тылды. Аламанның аяқталуына аз-ақ қалғанда шабысынан жаңылған «Шах­тердің» жай-күйі жанкүйер жазғанның қабырғасына қатты батқаны анық. «Ко­манданың соңғы кездегі сүреңсіз ойынына терең және жан-жақты тал­дау жасау керек. Қалай болған күнде, бұл тығырықтан шығар жолды бірігіп іздейтін боламыз», - деп түйді өңір спортының басшысы.
Алға қойған жоспарлар да үл­кен жауапкершіліктер жүктейді. Мә­селен, облыстың спорт басшылары алдағы уақытта Қытайдың Гуанжоу қаласында болатын ХVІ Жазғы Азия ойындарында қарағандылық спорт­шылар төрт алтын, төрт күміс және 14 қола, барлығы 22 медаль алады деп жоспарлап отыр. Төрт алтын де­генде, қарағандылықтар онсайысшы Дмитрий Карпов, дзюдошы Максим Раков, боксшы Серік Сәпиев, бай­дарка және каноэ есуші Евгений Его­ровқа үміт артады. «Аталған төрт спортшының кейінгі уақыттағы қол жеткізген нәтижелері және қазіргі таңдағы спорттық дайындығы мен бабы - осылай деп батыл болжам жа­сауға негіз болды», - дейді Ерден Бал­табайұлы. Жалпы, Гуанжоудағы дү­бірлі додада қарағандылық 36 спортшы спорттың 11 түрі бойынша ел намысын қорғамақ.
Әр нәрсенің парқы салыстырғанда білінеді: өткен ХV Жазғы Азия ойын­дарында өнер көрсеткен Қазақстан құрама командасының сапында қара­ғандылық 36 спортшы болды. Арқа спортшылары сол сында екі алтын, екі күміс және алты қола медаль алып, ортақ табысқа сүбелі үлес қосқан болатын. Яғни, биылғы меже өткен жолғыдан екі есеге артқан...
Жалпы, биылғы жыл Қарағанды өңірінің спорты үшін берекелі де, құтты жыл болды. Жаңадан келген облыс әкімі Серік Ахметов өңір спортына ерекше көңіл бөліп, соның нәтижесінде ірі-ірі жобалар дүниеге келіп, іске асырыла бастады. Мысалы, Қарағанды облыстық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының 2010 жылғы бюджеті 4 млрд. 678 млн. 830 мың теңгені құрады. Ағымдағы тоғыз айда қаржыландыру жоспары 3 млрд. 783 млн. 172 мың теңгені құ­рап, бүгінгі таңда бұл қаржы 100 па­йыз игерілген. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша облыста 11 спорт нысанына жалпы сомасы 1 194,7 млн. теңгенің жөндеуі жүргізіліп жатыр.
Ағымдағы жылдың көктем айын­да облыс орталығында үш бір­дей спорт нысанының құрылысы бас­талды. Алла қаласа, келесі жылы мұз айдыны сарайы, бокс залы жә­не теннис орталығы бой көтеріп, қа­ла жұртшылығының игілігіне пайда­лануға берілуі тиіс. Қазіргі таңда құ­ры­лыс жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Бұдан бөлек, «Жол кар­тасы» бағдарламасы бойынша облыс орталығындағы Нұркен Әбдіров атын­дағы спорт сарайы күрделі жөн­деуден өткізілуде. Бұл мақсатқа бюд­жеттен 364,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Құрылысшылар жөндеудің ал­дымыздағы қараша айында толық­тай аяқталып, сәулет ескерткіші сана­тындағы ғимараттың пайдалануға бе­рілетіндігіне сендіріп отыр. Сондай-ақ, Теміртау қаласында бес жылдай қаңырап бос тұрған «Жастар» жүзу бассейні де сметалық құны 499,8 млн. теңге болатын күрделі жөндеуді бастан кешіп жатыр. Бір айта кететіні, аталған бассейн елімізде теңдесі жоқ спорт нысаны. Күрделі жөндеуден кейін «Жастар» жүзу бассейні әлемдік стандарттар талаптарының бәріне бірдей жауап беретін ғимарат болмақ.
Алыстағы аудан, шалғайдағы ауыл да назардан тыс қалмаған: Ақтоғай ауданындағы стадионға 60 млн. теңгенің күрделі жөндеуі жүргізіліп жатыр. Шағын қала Қаражалдағы «Горняк» стадионына сметалық құны 37 млн. теңгеден асатын ағымдағы жөндеу жасалуда. Ал облыстың Шет ауданында орналасқан Ағадыр кен­тінде осы өңірдің перзенті, «Астана-мо­торс» компаниясының президенті, белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов мырза келер жылы сметалық жобасы 100 млн. теңге болатын кешенді спорт сарайын салуды жоспарлап, об­лыс әкімімен меморандумға отырды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бюджеттен 120 млн. теңге қаржы бө­лініп, бұқаралық спортты дамыту мақ­сатында, облыстың түпкір-түпкірінде 17 әмбебап корт ашылды. Әмбебап дейтін себебіміз - жазда бұл корттарға жасанды көгал төселіп, олар мини-футбол алаңына айналады.
Мұның сыртында, биылғы жылы Теміртау қаласындағы ОРБЖСМ ес­кек есу спортының ғимараты, Қараған­дыдағы Ә.Молдағұлова атындағы мек­теп-интернаттың жатақханасы, Ата­су кентіндегі БЖСМ ғимараты, Жезқазғандағы ОРБЖСМ ескек есу базасының инженерлік жүйесіне, сон­дай-ақ, Осакаровка мен Ақсу-Аю­лыдағы және Қарқаралы қаласындағы стадиондарға жүргізілген жөндеу жұ­мыстары толығымен аяқталған.
«Міне, осындай ауқымды жұмыс­тар мен ірі жобалардың бүгінгі күнде нақты жүзеге асып жатқаны облыс әкімі Серік Нығметұлы Ахметовтің спортқа деген қамқорлығымен тікелей байланысты», - деп орынды атап өтті өңір спортының басшысы.
Жалпы алғанда, облыста бұқа­ралық спортты дамыту барысында оң өзгерістер бар екенін айтты спорт басшысы. Бүгінгі таңда Қарағанды облысында тұрғындардың 24,7 пайызы бұқаралық спортқа тартылған екен.
«Балапанды күзде сана» демекші, жыл соңына дейінгі есептік жиынға әлі бірталай уақыт бар. Атқарылар жұ­мыстар да шаш-етектен. Қазіргі аяқ­алысымыз жаман емес. Дегенмен, біздің жұмысымызға деген қорытынды бағаны облысымыздың әкімі, өңірдегі спортсүйер қауымы береді», - деп қорытты алқа мәжілісін облыстық ту­ризм, дене тәрбиесі және спорт бас­қармасының бастығы Ерден Халилин.

Серік ОЛЖАБАЙ.

 

0 пікір