Жұма, 29 Наурыз 2024
Ақмылтық 5836 17 пікір 2 Маусым, 2017 сағат 11:54

Расул халық жауы болса, мен де жаумын

Соңғы бірнеше күн ішінде досым, әріптесім Расул Жұмалыға қарсы кешенді шабуыл жасалып жатқанын барлықтарыңыз көріп те, байқап та жүрген боларсыздар. Соған орай, өзімнің көзқарасымды білдіргім келіп отыр.

1. Шабуылдың басты себебі - Расулдың осыған дейінгі Екінші дүниежүзілік соғыс, Жеңіс күніне қатысты тың ойлары себеп болды деп санаймын.
2. Шабуылдың мақсаты - Расулды адам, азамат, сарапшы, маман ретінде қаралау болып табылады. Шабуылдың тағы бір мақсаты аталмыш кітапты жариялауға мұрындық болған Ерлан Қарин досымызды қаралау, оған күйе жағу.
3. Енді айыптардың мәнісіне келсек, Рекең мән-жайды өз парақшасында айтып шықты. Оған алып қосарым жоқ.
Алайда мынаны баса айтқым келіп отыр.
Расул өте адал, жұмысына, өміріне, сөзі мен ісіне асқан принциппен, кірпияздықпен қарайтын тұлға. Атышулы кітабының дүниеге қалай келгенін, қандай ізденіспен келгенін бір адамдай білемін. О баста мынадай таңдау тұрған болатын; я ғылыми монография жазу, я көпшілікке арналған, ағартушылық бағыттағы шолу кітап шығару. Шынын айтайын, "Реке, жалпы біздің елде Араб әлеміне қатысты көптеген жаңсақ пікір бар. Көпшілік оқитын, кең көлемді кітап жоқтың қасы. Болашақта талай монография келе жатар, қазір көпшілікке арналған дүние керек" деп үгіттегендердің бірі мен едім. Менің ойымша, Расул өз алдына қойған мақсатын толық орындады.
"Арабский пасьянс" деген кітабы қалың жұртқа жолын тапты. Ішінде араб әлеміне қатысты көптеген ақпарат бар шолу кітап. Әрбір дереккөзі туралы ақпарат кітапты айқын, анық көрсетілген. Кітап жанрының өзі әрбір бетке дереккөзін көрсету, сілтемесін беру дегенді көздемейді. Расул тек осы кітаптың ғана авторы емес. Талай ғылыми дүниені, монографияны жазды. Ешбіріне ешкімнің айтар міні, тағар айыбы жоқ деп ойлаймын.
Шабуылды ұйымдастырушылар әдейілеп осы кітапты нысана қылғаны да тегін емес. Ақпараты, дерегі көп кітапта тырнақ астынан кір іздейтін адам қашан да қателік таба алады. Асқан принципке барса, дәл бүгін ақ елімізде жазылған ғылыми диссертация мен ғылыми кітаптың барша авторын ұры-қары қылып шығаруға болады. Алайда олардың бірінің де мұртын балта шаппай отыр ғой...
Қысқасы, Ғабитше айтсақ, Расул халық жауы болса, мен де халық жауымын!
Расулды толық қолдаймын! Оған, Ерланға қарсы жасалып жатқан шабуылды жалпы бір буынға, қазақ ұлтшылдарына жасалып жатқан шабуыл деп санаймын. Осындай жағдайда достарымды қолдау, қасынан табылуды өзімнің адам, дос, сарапшы ретіндегі борышым, парызым деп есептеймін.

Айдос Сарым

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610