Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық 8398 50 пікір 2 Маусым, 2017 сағат 01:31

Елбасы "ұлтшыл" ма?

Ақтөбелік журналист тек қана қазақша сөйлеген мемлекеттік қызметкердің ұлтшыл екенін айтып, елді дүрліктіріп жатыр

«Ескерткіштер - ел тарихы» шарасы кезінде жергілікті «Рика ТВ» телеарнасы Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы Фархад Досмұратовтан сұхбат алған. Журналист ресми тілде ақпарат алуға ниеттенген кезде Фархат Досмұратов орысша сұхбат беруден бас тартқан.

Мемлекеттік қызметкердің бұл қылығы ресми тілдің жанашырына жақпай қалса керек, қазір бүкіл елді дүрліктіріп, Фархад бауырымызды "ұлтшыл" деп айыптап жатыр.

"Біз шара өткізілетін жерге редакция тапсырмасымен барғанбыз. Ұйымдастырушылардан екі тілде ақпарат бере алатын маман тауып беруін сұрадық. Бас инспектормен қазақ тілінде амандастым, сөзімді қазақшадан бастадым. Телекомпаниядан келіп тұрғанымды және екі тілде ақпарат алатынымды ескерттім.  Ол кісі бірден орыс тілінде беруден бас тартты. «Мен орыс тілінде бермеймін» деді. Әрине, орысша сөйлей алмайтындар да болады.  Оларға түсіністік танытып, аударма жасаймыз" - депті Nur.kz ақпараттық сайтына сұхбат берген журналист.

"Әрине, орысша сөйлей алмайтындар да болады.  Оларға түсіністік танытып, аударма жасаймыз" деген журналист Фархадқа келгенде неге аударма жасаудан бас тартты екен. Бұл - бір.

Екіншіден, ресми тілде сөйлеуден бас тартуға кез-келген адамның құқығы бар. Оған Елбасының мына видеосы толық дәлел бола алады.

Үшіншіден, ресми тілде сөйлемегені үшін Фархадты "ұлтшыл" деп айыптар болсақ, Елбасының да "ұлтшыл" болғаны.

Төртіншіден, қазақ журналистері тәуелсіздік алғалы бері ресми тілдегі сұхбатты аударудан бас тартып, "қазақша сұхбат бермеді" деп ешкімді айыптаған емес. Ал, орыстілді журналистердің бір ғана болмашы мәселені дардай етіп, елді дүрліктіруінің астарында не жатыр?

Бұл жерде бір ғана мәселе бар. Қазақ тіліндегі сұхбатты аударуға ерінген әр тілші осылай дау туғыза берсе, ұлтаралық жанжал өршіп кетуі әбден мүмкін. Біздің ойымызша, ұлтаралық араздықты туғызып отырған тілшіні дереу жауапқа тарту керек.

Фархад шүршіттің емес, қазақтың тілінде сөйледі. Қазақтың тілі - мемлекеттің тілі. Мемлекеттің тілінде сөйлегені үшін "ұлтшыл" деп айыпталар болса, Елбасының да "ұлтшыл" болғаны емес пе?

Сіз не дейсіз, бұған?!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

50 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3611