Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6249 9 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 10:38

Жаманқұловтың "үкімі" шықты

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа үкім оқылды деп хабарлайды Абай-ақпарат.

№2 Медеу аудандық сотының прокуроры Тұңғышбай Жаманқұловты 7 жыл 6 айға соттауды, бірақ Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша жаза мерзімін 3 жыл 7 айға азайтуды және жасы жеткенін ескеріп шартты жаза кесуді сұраған еді. Сол прокурордың айтқаны болды.

Соттағы ақтық сөзінде Жаманқұлов өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін, бар ойы жақсы фильм түсіру болғанын, қаржылық мәселемен мүлдем айналыспағанын, фильмге идеялық тұрғыда ғана басшылық жасағанын айтты.  "Осы жерде отырған менің тобымда Юдинадан басқа ешкім мені ақша алды деген жоқ. Мен - ақпын. Оны сіздің алдыңызда, құдайдың алдында айта аламын", - деді ол.

Абай-ақпарат

9 пікір