Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4937 2 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 09:32

Ұрпақтың бойында бірнеше буындық үрей қалып қойды ма?

Астанада тұрған жылы мамыр айында отбасымды, қарындасымды балаларымен алып АЛЖИР-ге бардық. Онша алыс емес, зу етіп жетіп келдік.

Жол бойы балаларға білгенімді айтып келе жатырмын. Балаларым тым сәби еді, сол кезде 4 және 5 жаста ғана. Көлікті қаңтара салған адам бірден қызыл вагонға беттейді. АЛЖИР-дің қасіретті экспонаттарының әуелгісі осы.
Балалар бара салды да, ішіне үңіле сала тапырақтай қашты. Ұлым тіпті баспалдақтан құлап қала жаздады. "Қорқынышты, қорқынышты" дей береді. Сөзімді тіпті тыңдаған жоқ.

Ұрпақтың бойында бірнеше буындық үрей қалып қойды ма? Құдай сақтасын!
Енді ұрпақ қасірет көрмесін, жамандықтың бәрі ХХ ғасырда қалсын.
Ешкімді ұмытпаймыз, ешқашан ұмытпаймыз...

Есей Жеңісұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір