Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7778 6 пікір 31 Мамыр, 2017 сағат 14:05

Н. Назарбаев: «Нұрлы жол» вокзалы посткеңестік елдерде теңдесі жоқ вокзал

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Нұрлы жол» жаңа вокзалын аралап шыққан соң аталған вокзал посткеңестік елдерде теңдесі жоқ екенін атап өтті.

«Мына вокзал посткеңестік кеңістікте жалғыз. Сіздер білесіздер, біз Қазақстанның барлық өңірлерін жылдамдығы жоғары "Тальго" пойыздарымен жалғадық», - деді Президент.

Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метрлік ғимарат. Вокзалға алты жолдың торабы кіріп отыр. Ол тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алады. Вокзал жолаушылар ағынын, кезегін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, электронды билет сату процесін интеллектуалдық басқару желісімен қамтылған.

«Вокзал ресми түрде бүгін ашылғанымен, іс жүзінде ертең, 1 маусым күні алғашқы жолаушылар жолға шығады. Пойыз маршруттары мен уақыты бекітілді , - деп xабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығын дамыту және пайдалану департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев тілшілерге берген сұxбатында.

Вокзалдың бірінші және екінші қабатында 740 көлікке арналған автотұрақ бар. Сонымен қатар ол жерде қызметтік-теxникалық бөлмелер орналасқан. Үшінші қабатта - шатыр астында перрон орын тепкен. Төртінші қабат ең негізгі қабат болып саналады. Мұнда басты кіреберіс пен 10 билет кассасы, анықтама бюросы, сауда орындары бар. Бесінші қабатта фуд-корт орналасқан. Алтыншы қабатта әкімшілік кеңселер болады.

«Сонымен қатар вокзалда ана мен бала бөлмелері, қонақ үй, медициналық пункт бар. Вокзалдың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлінген. Ғимаратта адамдарды тексерістен өткізетін 16 кіреберіс бар. Оның үстіне ақылды жүйемен басқарылатын 510 камера орнатылған», - деді Көрпебаев.

«Нұрлы жол» вокзалына  негізінен Астанаға дейін жүретін пойыздар аялдайды. Ескі вокзал басым ретте транзиттік пойыздарды және қала маңындағы аудандарға қатынайтын белгілі бір пойыздарды қабылдайды.

Арайлым Мелдешова

 Абай-ақпарат

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534