Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6864 1 пікір 31 Мамыр, 2017 сағат 13:39

Әзірбайжан банкі зейнетақы қоры қаржысын қайтарып береді

Әзірбайжан премьері Бақытжан Сағынтаевқа зейнетақы қоры қаржысын қайтарып беретін болды.

Қазақстан Үкіметіне Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы қоры қаржысын қайтарудың үш жолы ұсынылыпты. Оның бірі әрі тиімдірегі - қайтарым мерзімін 10 жылдан 15 жылға дейін ұзарту және өсім пайызын 8,25%-дан 3,5%-ға дейін төмендету екен.

«БЖЗҚ АҚ-ның иесі Үкімет.  Демек, міндетті зейнетақы салымының бүтін сақталуы - Үкіметтің мойнында. Біз қазірдің өзінде Әзірбайжан банкіндегі қаржының толық қайтарылуы үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ол үшін арнайы өкілдер тағайындадық», — дейді Бақытжан Сағынтаев.

Әзірбайжан банкіне салынған 250 миллион долларды қайтарумен енді тек Ұлттық банк айналыспайды. Бұл іске ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та кірісті. Сұлтановтың міндеті, борышкер жақпен байланысты ұстап тұру әрі неғұрлым тиімдірек жолды тауып, ақшаны қайтарып алу.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3518