Жексенбі, 15 Қыркүйек 2019
2666 1 пікір 31 Мамыр, 2017 сағат 13:16

Сот Навальныйдың Усманов арызына қатысты өтінішінтерін қабылдамады

Мәскеудің Люблинский ауданының соты 30 мамырда оппозиционер Алексей Навальныйдың 16 өтінішінің барлығын кері қайтарды. Бұл өтініштер кәсіпкер Әлішер Усмановтың шағымына қатысты сот тыңдауында берілген еді.

Навальный адвокаттары сотқа Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев пен вице-премьер Игорь Шуваловтың қатысуын сұраған.

Шағымға Жемқорлықпен күрес қоры түсірген зерттеу фильмі түрткі болған. Фильмде премьер Медведевтің жылжымайтын мүліктері туралы баяндалады. Онда Усманов курстасы Медведевке Рублев даңғылы бойындағы үйді пара ретінде берген делінген.

Усманов бұл мәліметті, сондай-ақ вице-премьер Игорь Шуваловқа пара беру жөніндегі мәліметті және "Коммерсант" баспа үйінде цензура бар дегенді жоққа шығаруын талап етті.

Соттың алдын ала отырысында тараптар бейбіт келісімге келе алмады.

Абай-ақпарат

1 пікір