Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3617 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 09:10

Нұра Матай. Қазақ әнші қанша тұрады?

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова әртүрлі кештерде ән шырқағаны үшін қаламақы ретінде 7-8 мың доллар көлемінде ақша табады екен. Ал, Ресейлік «А-Стдудио» тобының ән салып қайтқаны 20 мың доллар тұрса, Батырхан Шүкеновтің бір өзі бір кеште жарты сағат ән салғаны үшін 10 мың долларды қалтаға басып алып ысқырып үйіне қайтады екен. Бұл топқа Әлібек Дінішевте кіреді екен.
Ал, енді орыс пен қазақтың ортасында сең соққан балықтай теңселген я әндері я өздері түсініксіз не айтып жүргендеріне өздері де есеп бере алмайтын естанды халде жүрген Мақпал Исабекова, Айқын, Қайрат Түнтеков деген әншілердің әнге ұқсас бірнәрсе шырқағандары 3-5 мың теңге тұрады екен. Осы топқа кіретін Алмас Кішкенбаев, «Арнау» дуэті мен «Кешью» тобының да ән салғандары 500 ден 3 мың доллардың аралығында екен. Қалған қазақ әншілері мен топтарының қанша тауып жүргені бір Құдайға аян.
Ал, халықараға танымал шетелдік әншілердің табысына қарасаңыз, қайран қаласыз. Мысалы, Леди Гага мен Бритни Спирсдің айлық табыстары 50 миллион долларды құрайды екен. Енді есептей беріңіз.
Қайран қазақ әні. Сенің халің қандай аянышты. Қара домбыраны арқалаған дәстүрлі әншілердің табысын ойлай бастасаң, ызаланып кетесің. Амал не, өнерді емес, ақшаны алдыңғы орынға шығарған сөйтіп, өнерді ақша мен атақтың жолында құрбандыққа шалғандардың асығы алшысынан түсіп тұр.

«Астымда алқоңырым желмедің ғой,
Құдайым, сұрағанды бермедің ғой.
Талпынып қанша қанат қақсамдағы,
Қысқа жіп күрмеуіме келмедің ғой», дейтін зар сыбызғы мен жетігеннің, домбыра мен қобыздың, сазсырнай мен шаңқобыздың көмейінен запыран болып төгілген заманда шалажансар әншінің табысына таң қалуға болмас. Қорғансыз ұлттық музыкаға ормандай қорған болады деген үкімет той біткенге орыстан әнші алдырып әлек. Тағыда елге қарайсың егіліп, сүтпен бітіп сүйекке сіңген өнерді өлтірмес дейсің. Бірақ ел әнмен емес, әлеуметтік жағдайымен әлек болса ше... Онда қайттік?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522