Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3948 1 пікір 30 Мамыр, 2017 сағат 10:28

Трамп күйеу баласы Кушнерге "толықтай сенетінін" мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп күйеу баласы әрі көмекшісі Джаред Кушнерге "толықтай сенетінін" мәлімдеді. Кушнер қайын атасы президент болмай тұрып, ресейлік елшімен кездескен деген күдіктер жиі айтылып жүр.

Трамптың мәлімдемесін The New York Times газеті жариялады. Президент Кушнердің "ел үшін ауқымды жұмыс атқарып жүргенін", ол бағдарлама бойынша миллиард доллар үнемдеуге болатынын айтқан. Бұл уақытта, президент өзінің твиттерінде Ақ үйден белгілі болған мәліметтерді жариялаған БАҚ-ты сынады.

Кушнердің ресейлік елші Сергей Кислякпен кездесуіне қатысты жанжал өткен жылы басталып, өткен аптада қайта ушықты. The Washington Post мәліметі бойынша, Трамптың күйеу баласы орыс елшімен Трамп командасының Кремльмен құпия байланысын орнату мүмкіндіктерін талқылаған.

Конгрестегі депутаттар Кушнердің Сенат және Қауымдар палатасы комитеттерінде куәлік етуін талап етті. Президенттің күйеу баласын Трамп қызметке кіріспей тұрып орыс елшімен кездескені үшін айыптап отыр. Ішкі қауіпсіздік министрлігінің басшысы Джон Келлидің пікірінше, Ресеймен кез келген қосымша байланыс орнату - "жақсы идея".

Абай-ақпарат

1 пікір