Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5186 1 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 14:12

Ауарайы болжамы: бұршақ жауып, үсік жүруі мүмкін

Еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейіп, бұршақ жауады және үсік жүреді, - деп хабарлайды  "Қазгидромет" РМК өкілдері. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, 30 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауаның температурасы күндіз 10 -18 жылылық аралығына дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Ал 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін суытуы ықтимал.  Түнде 31 мамырда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Астана қаласында 30 мамыр күні оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің күші 15-20 м/с. Күндіз қатты нөсер жауады.
Абай-ақпарат

1 пікір