Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 5343 2 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 12:23

Қазақтың ауылдары неге өміршең емес?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, ауылдарымыздың орналасқан жерін қараңызшы? Шөл дала, шаһарлардан алыста, айдалада жатыр. Ал, негізі табиғи шарт бойынша, елді-мекен сулы-нулы жерде, тау бөктерінде және қалаға жақын орналасуы керек. (Шығарған өнімін қалаға апарып сату үшін.)
Яғни біздегі ауылдың көбісі табиғи жолмен пайда болмаған. Дөрекі күшпен қондырылған сияқты.

Сияқты емес, дәл солай болған. 1928-ші жылы коммунистер ұжымдастыру науқанын бастады емес пе? Сол кезде, шөп тапталмасын деп, бір-бірінен 10-15 шақырым қашықтық ұстап жайлауда, тауда отырған қазақ ауылдарын болшевиктер жаппай жықты да, бәрін бір жерге әкеп үйіп тастады. Су жоқ па? Құдық қазып бере қойды. Шөп жетпей жатыр ма, міне трактор, орып алыңдар, - деді. Мемлекет ауылдың жүрегін жасанды аппаратпен істетіп тұрды, былайша айтқанда. Бұл мемлекет жойылып еді, бүкіл ауыл өміршеңдігінен айырылды. Өз ойым.

Нұрбек Бекбау

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір