Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4931 0 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 12:19

Əдепті əдепсізден үйрен...

Менің бір жеңгем бар. Өзін келін сияқты емес, əулеттің байға шықпай қалған кəрі қызы сияқты сезінеді. Көкірек. Сөз ұқпайды. Баж ете қалады. Онымен ешкім сөз таластырмайды. Сенікі дұрыс дейді де қояды.

Сол жеңгеміздің сəл надандау болғаны сор емес бақ болды. Себебі үлкендер басқа келіндерін "əй, пəленше сияқты болма" - деп тəрбиелеп отырады. Былайша айтқан қандай келін болмау керектің үлгісі. Естіген шығарсыздар, ертеде бір ғалым шəкіртіне əдепті əдепсізден үйрен деген екен. Қалай десе, оның жасағанын жасама депті. Айтайын дегенім əлгі жеңгем сияқты осы əлеуметтік желіде де баж ете қалатын, сөз ұқпайтын, əңгіме түсінбейтіндер көп. Негізі олардың да болғаны біз үшін бақ. Себебі солар сияқты болып қалмау үшін жиналып жүресің. Байқап сөйлейсің. Ойланып жазасың.

P.S. Пəленше сияқты болма дейтін емес, пəленше сияқты болайыншы деп жұрт қызығатындай адам болуды Алла нəсіп етсін.

Берік Сұлтан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір