Сенбі, 20 Сәуір 2024
Абай.tv 5158 1 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 10:25

Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсірді

26 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсіріп, кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы – 36 жастағы мексикалық Густаво Гарибай. АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің үшінші раундында Тұраров қарсыласын нокдаунға түсірген. Кейін үдете соққан соққысынан раунд аяқталар тұста рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетейік, боксшылар салмақ өлшеу рәсімінде жартылай орта салмақ лимиті саналатын 147 фунтқа (66,6 келі) сәйкес бола алмаған еді, сондықтан жекпе-жек аралық салмақта өтті – бірінші орта және жартылай орта салмақ аралығында (151 фунт) өтті. Осылайша қазақстандық боксшы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 13 жеңіс және 2 тең жекпе-жек бар.

Айта кетейік, осы кеште Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегі өтеді.

Abai.kz

1 пікір