Жұма, 29 Наурыз 2024
«Соқыр» Фемида 11410 2 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 09:18

Ардагерге көмек деп мұғалімнен ақша жинау заңды ма?

Ардагер аталарымыз болмаса, біз осындай бейбіт күнде өмір сүрер ме едік? Бұл сөзді халықтың көбі айтады.  Бұған дауым жоқ.  Дегенмен соғысты жеңген атаулы күн мен  ардагерлердің  атын айтып ақша жинау неге, кімге  қажет болды?

Көп жылдардан бері  Алматы облысы , Қарасай ауданының барлық мектептерінің мұғалімдерінің  бір күндік жалақысын  9-мамырға қарсы «ардагерлерге береміз» деген желеумен мектеп есепшісі арқылы ұстап отырады. «Өз еркімен берді»  дегізіп қол қойдырып алатыны тағы бар. Қол қоймаған мұғалімнің басына қара бұлт үйіріліп, бағы таятыны да баршаға мәлім.

Кеше ғана сәуір айының жалақысынан 4000, 6000, 8000 теңге көлемінде әр мұғалімнің жалақысынан ақша ұсталды. Бұл мәліметке сенбейтіндер болса, Қарасай ауданының білім бөлімінде отырған бас есепшінің құжаттарын қарап шығуына болады.

Ұстаздар төрт мың теңге үшін қаншама терін төгеді. Қаншама ата-ананың, оқушының, шолақ белсенділердің сөзін естіп, маңдай терімен тапқан ақшасын өз еркімен қайырымдылыққа жұмсауы мүмкін емес.

Осы орайда Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бегелдиевке бірнеше сұрақ қойғым келеді...

  1. Құрметті Махаббат мырза! Аудан бойынша ардагерлерге көмек көрсету мұғалімдердің жалақысына қарап қалғаны ма?
  2. Қарасай ауданы мұғалімдердің жалақысы болмаса, ардагерлерін құрметтей алмайтын бейшара аудан ба еді?
  3. Ұстаздардан еріксіз қол қойдырып ақша жинау қаншалықты заңды?
  4. Мұғалімдерден жиналған қаржының есебін аудандық білім бөлімінен сұратып, ақшаның қайда кеткенін анықтауыңызды сұраймын.
  5. Егер ҚР Заңдарында ардагерлерге мұғалімдердің қаржы жинап беруі керек деген міндеттеме (әрине, жоқ екені белгілі) бар болса, оны көрсетіңіз. Егер жоқ болса, ұстаздардың жалақысын тез арада қайтарғызуыңызды талап етемін.

Айман Сағидолла

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3540