Жұма, 19 Сәуір 2024
4371 0 пікір 8 Мамыр, 2017 сағат 11:17

Рим папасы АҚШ-тың ядролық емес ірі бомбасының атауын сынады

Рим папасы Франциск АҚШ-тың ядролық емес ірі қаруының "Бомбалардың анасы" аталуын сынады. Оның пікірінше, қырып-жоятын қарудың анаға ешқандай қатысы болмауы тиіс.

Ватиканда 6 мамырда студенттер алдында сөз сөйлеген папа бомба атауынан ұялғанын мәлімдеді.

"Ана өмір сыйлайды, қару - өлім әкеледі, ал біз оны ана деп атаймыз. Не болып кетті?" - дейді Франциск.

АҚШ-тың әскери-әуе күштері өткен айда Ауғанстанның шығысына бекінген "Ислам мемлекеті" содырларын GBU-43 бомбасымен атқылады.

Рим папасы 24 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

Абай-ақпарат

0 пікір