Жұма, 29 Наурыз 2024
3672 0 пікір 8 Мамыр, 2017 сағат 11:14

Қырғыз ОСК үгіт-насихатты уақытынан бұрын бастамауға шақырды

Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеген үміткерлер және үміткерлерін ұсынатын саяси партияларды үгіт-насихат жұмыстарын уақытынан бұрын бастамуға шақырды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Назарәлі Әріповтің айтуынша, олар саясаткерлерге заңдарды сақтау керектігін ескерткен. "Өз үндеуімізде біз сайлау күні өтетін уақытты, тіркеу мерзімін жарияламайынша үгіт-насихат жүргізбеуін сұраймыз", - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда президенттік сайлауға түскісі келетін кейбір саясаткерлер мен азаматтар үгіт-насихатты бастап кеткен.

Сайлауға қатысқысы келетінін "Ак шумкар" партиясының жетекшісі Темир Сариев, "Онугуу-Прогресс" партиясының басшысы Бакыт Торобаев және оның парламенттік фракциясы, "Республика" партиясының жетекшісі Омурбек Бабанов жариялады.

Бұған дейін Қырғызстан социал-демократиялық партиясы фракциясының басшысы Иса Омуркулов президенттік сайлауды 2017 жылы 15 қазанда өткізуін ұсынған еді. Оның алдында ОСК заң бойынша президенттің сайлау 2017 жылдың 19 қарашасында өтуі тиіс деп хабарлаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563