Сенбі, 20 Сәуір 2024
4038 0 пікір 8 Мамыр, 2017 сағат 11:12

Өзбекстанда картоп төрт есеге қымбаттады

Өзбекстан базарларында соңғы бірнеше айда картоп шамамен төрт есеге қымбаттаған.

Ташкенттегі Фархад базарында картоптың бір келісі 7 мың сомнан сатылып жатыр, ал Мирабад базарында оның бағасы 8 мың сомға (шамамен 1 доллар) көтерілген. 2016 жылы 6 желтоқсанда бір келі картоп бағасы 3 мың сом болcа, содан екі апта бұрын ол 1,5 сым сомға саудаланған.

Өзбекстанның кейбір облыстарында жергілікті әкімшіліктер орталық базарлар маңында көшпелі дүкен ұйымдастырды. Мұнда "әлеуметтік картопты" арзанға сатып алуға болады. Осындай әрекеттердің өзі картоп бағасының көтерілуін тежей алмай отыр.

Өзбекстанда бағаның қымбаттауын көктемнің соңғы айының басталуымен және өткен жылғы егістіктіктің аз болуымен байланыстырады. 2016 жылы елде 2,6 млн тонна картоп жиналған.

Өзбекстан билігі 2020 жылға дейін картоп өндірісін 3,6 млн тоннаға көбейтуді көздеп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір