Жұма, 29 Наурыз 2024
Әттең... 55681 40 пікір 4 Мамыр, 2017 сағат 13:11

Ұлтқа қарсы кез-келген азаматты «жарнамалау» керек

Ұлтқа, ұлттық мүдеге, қала берді мемлекетке қарсы келген кез-келген азаматты «жарнамалау» керек. «Жарнамалағанда» да, есекке теріс мінгізіп, сүйегінен өтер сөздер жазып, үлкен қалалардағы даңғылдар бойына билбордқа іліп тастаған жөн. Әйтпесе, қазақты қорлау ешқашан да тоқтамайды.

Өткенде ғана «латынға көшсек, орыс әлемінен» ажырап қалатын болдық деп, мемлекеттің, қала берді Елбасының саясатына ашық қарсы шыққан Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова көшеде есекке теріс мініп тұрарын білсе, жақ ашпас еді.

Оралмандарға жер берілмейді деп қайқаңдаған Қадыралина да осы жазаға әбден лайық.

Шекарадан өткен ақ жаулықты ананың ақшасын тартып алғандарды да дәл осылай теріс есекке мінгізсек қой, шіркін!

"Күн көсемінің" мәйітін Қазақстанға әкелмек болып жүрген депутатымыз Косаревтің де «есекке мінер» өтесі өтті. Мұндай мысалдарды тізе берсек, бүгін тауыса алмаспыз.

Бұл тек қана аузынан қағынған шенділерге ғана қолданатын жаза емес. Халықтың ақшасын ұрлаған кез-келген жемқор көшеде есекке теріс мініп тұрса, әркім-ақ пара аларда ойланар еді. Аудандық деңгейдегі парақорды бір-ақ күнде әлеуметтік желілердің көмегімен бүкіл қазақ танып, лағынет жаудырар еді. Ондай лағынетке қай шенді қалғысы келеді дейсіз...

Қытайдың ойламайтыны жоқ. Олар Қытайдың 54 парақорының суретін 54 ойын картасына салып тастапты. Ол картамен ойнап отырған миллиондаған халық мемлекеттің жемқорларын тани отырады. Таныған жерде жек көру сезімі де оянады.

Бізде не көп, жемқор көп. Сол көп жемқорлардың бәрінің суретін көшеге ілер болсақ, біздің қалаларда орын табылмай қала ма деген қауіп те жоқ емес.

Көшені жемқорға толтырып, халыққа табалатып көруге Сіз қалай қарайсыз?

Билбордта тұруға кімдер лайықты?

Әкеш Байбатыр

Abai.kz

40 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553