Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4586 0 пікір 4 Мамыр, 2017 сағат 09:48

Қырғызстанда ақылы жолдар пайда болады

Қырғызстанның көлік және жол министрлігі елде ақылы жолдар ашуды ұсынды. Ақылы жол республикада 2018 жылы пайда болуы мүмкін. Мұндай шара республикалық бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту үшін енгізіледі.

Көлік және жол министрлігінің хабарлауынша, келесі жылы жолдың 26 шақырымы ақылы болуы мүмкін, ал 2025 жылы ақылы жол 500 шақырымға созылады. Ақы енгізу 2016–2025 жылдары жолдарды дамыту стратегиясында қарастырылған.

"Ақы енгізудің екі нұсқасы ұсынылды. Жалпы мақсаттағы жолдарға ақы енгізіледі немесе ақылы жаңа жолдар салынады. Баға саясатын мекемеаралық комиссия анықтайды", - деді министрлік өкілі Нұрлан Каимбаев.

Куакы-Кочкор күре жолы мен жаңадан салынып жатқан Солтүстік-Оңтүстік жолы ақылы болуы мүмкін.

Қазіргі таңда жолаушылар Бішкек-Ош күре жолындағы тоннельге ғана ақы төлеп жүр.

Абай-ақпарат

0 пікір