Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2276 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 09:39

Қайыржан ТӨРЕЖАН. 27 қазақты соттағалы жатыр

Өзбекстан жеріне өтіп кетіп, қамауға алынған 27 ақтөбеліктердің соты басталды. Қазақстан жағынан сотқа Өзбекстандағы консул қатысуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады.

Өзбекстан жеріне өтіп кетіп, қамауға алынған 27 ақтөбеліктердің соты басталды. Қазақстан жағынан сотқа Өзбекстандағы консул қатысуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады.
Бірнеше жеңіл машиналар мен «КамАЗ» жүк көліктерінен тұратын автокеруен Маңғыстау облысына қарай Ақтөбеден ақпан айында шыққан. Шалқар ауданындағы Бозой ауылының сыртымен, Құланды шекара заставасын айналып өткен 34 ақтөбелік Ђзбекстан жеріне келгенде, шекарашыларға тап болады. Автокеруендегі біраз адамдар кері бұрылып, қашып үлгереді де, қалған 25 қазақстандық қамауға алынып, мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін оларға қарсы қылмыстық іс қозғалады. Кейінірек Ђзбекстан аумағында жатқан темір трубаларды алып келу үшін көлік жүргізушілерді жалдаған тағы екі ақтөбелік ұсталған болатын. Жастары қырықтан асқан екі ақтөбелік кәсіпкер ұзақ жылдар бойы темір-терсек жинаумен айналысқан. Қара темірдің сынығын халықтан арзанға сатып алып, қымбатқа өткізіп күнелтіп жүрген екен. Содан бері олардың темір ұрлау үшін жалдаған көлік жүргізушілері Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында қамауда жатыр. «Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті құқық бұзушылыққа байланысты «экономикалық контрабанда» деген айып тағып, бұлардың ұйымдастырушыларына қарсы тағы қылмыстық іс қозғады. Осыған байланысты болған жағдайды сол жерде анықтап, құқық бұзушыларды Қазақстанға алып келу үшін тергеу тобы Ђзбекстан Республикасына жүріп кетті. Қазір қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері, біздің азаматтарды Қазақстан сот билігін өткізіп беру туралы өзбекстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізуде. Егер келіссөз оң шешілсе, отандастарымыз елге қайтарылады» деп мәлімдеген болатын бұдан бір апта бұрын Қазақстан Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов. Өзбек жағы оған келіспеген сияқты. Қазақстандықтар Ђзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 209-бабының 3-бөлігімен (экономикалық контрабанда) айыпталуда. Алыпсатар жерлестерінің алдауына түскен көлік жүргізушілерге өзбекстандық сот қандай үкім шығарар екен?

 

 

«Айқын» газеті, 03.06.09

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594