Жұма, 29 Наурыз 2024
5120 1 пікір 2 Мамыр, 2017 сағат 17:19

Зебакта жараланған жеті ауған жауынгері Тәжікстан ауруханасына жатқызылды

Ауғанстан қарулы күштерінің жеті өкілі Зебак уезінде тәлібтермен қақтығысып жараланған. Олар Тәжікстан облысы Таулы-Бадахшан облысындағы ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта Ауғанстанның Зебак уезінің әкімшілігін содырлардан қайтарып алу үшін, соғыс жалғасып жатыр. Зебак елдің солтүстік-шығысында орналасқан, Тәжікстанның Бадахшан елді-мекенімен шекаралас жатыр.

Жауынгерлер жеткізілген аурухана бас дәрігері Парвиз Бораков жетеудің біреуі жеңіл жараланған, ол 29 сәуірде Ауғанстанға кері қайтарылды дейді.

Жараланған полицейдің бірі Джорубкаш Курбонали уездің не себептен содырлардың қолына өтіп кеткенін түсіндірді. «Күрес төрт сағатқа созылды. Біздің қолымызда оқ таусылды. Көмекке әскер келіп үлгермеді», - дейді ол.

Тәлібтер Зебак уезін 28 сәуірде басып алған. "Талибан" өкілдері қақтығыс кезінде 20-дан астам ауған әскері қаза тапты дейді. Ауғанстан ІІМ болса, уезді уақытша жоғалттық, бәрібір қайтарып аламыз дейді.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604