Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Масқара! 9926 13 пікір 28 Сәуір, 2017 сағат 11:55

ҰҚК-і жанындағы Шекара қызметі мемлекеттік тілді масқаралады

Қазақстан республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік тілді масқаралады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы Ержан Жаубай Шекара қызметінің ресми сайтындағы қазақша бетінде орысша ақпараттар жүргенін суретке түсіріп жариялаған. Біз осы суретті көре сала аталмыш сайтты ашып көрдік.

Атағы дардай орган ресми сайтында қазақ тілінде бет ашқан екен, бірақ оны жүргізетін бір маман таппағанға ұқсайды.  Қазақша беттегі маңызды ақпараттың бәрі орысша.

Мемлекеттік тіл туралы заңды пысқырмаған, қазақ оқырмандарының құқығын аяқ асты еткен Шекара қызметіның басшысы Ділманов Дархан Айтқалиұлы ресми түрде жауап беру керек. Мемлекеттік тілді қорлаған мемлекеттік мекемені Заң алдында жауапқа тарту қажет.

Конституция бойынша мемлекеттік тіл Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналатынын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қаперіне салғымыз келеді.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

13 пікір