Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5563 0 пікір 28 Сәуір, 2017 сағат 10:14

Мемқызметкердің смартфонсыз жүруі - жаңғыру емес, сананың деградациялануы

Мемлекеттік қызметкерлер онсыз да әлеуметтік желіде ештеңе жазбайды. Азаматтық қоғам құрып, олар да бәрін ашық айтқысы келеді, бірақ басым бәлеге қалғанша, тыныш отырайын дейді. Онсыз да болашағы бар жастар қатты қызықпайтын мемлекеттік қызметке негатив туғыза берсек, ол жерде кім жұмыс істейді?

Сосын xалық ренжиді, бұл салаға дұрысырақ адам қоймай ма деп. Ал басы істейтіндер үндемей отырады, олардың бар-жоғы білінбейді, өйткені әлеуметтік желілерде жаза алмайды. Мына түрімізбен білімді жастардың бәрі шет ел асып, трансұлттық компанияларға жақсы жалақы үшін кетіп қалады.

XXI ғасырда смартфонсыз жұмыста жүру мен лайк сияқты дүниелерді әңгіме қылу - сананың жаңғыруы емес, сананың деградациялануы. Ашық жұмыс істегіміз келсе, тыйымды азайтқанымыз жөн. Мемлекеттік қызметкерлердің имиджін көтеруге тырысуымыз қажет.

Нұрлан Жанай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір