Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6151 0 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 09:14

Ашхабад: Мұғалімдердің айлығын тағы кешіктіріп жатыр

Ашхабадта мектепке дейінгі және орта мектеп қызметкерлерінің жалақысын тағы кешіктірді. Астанадағы орта мектептердің бірінің мұғалімінің Азаттық радиосы тілшісіне хабарлауынша, наурыз айының жалақысы әлі төленбеген.

"Сәуір аяқталуға жақын, ал бізге наурыздың айлығын әлі берген жоқ. Наурыз және сәуір айларына аванс төлемеді. Жұмыстан шыққан соң күнде банкомат тексереміз - ақша түспеген. Басшылық ақшаны картаға аударады деп отыр", - деді ұстаз.

Түркіменстанда мемлекеттік қызметкерлердің айлығы, зейнетақы және мүгедектердің өтемақысы, студенттердің шәкіртақысы, кейбір аймақтардағы шаруалардың табысы платик карталарға аударылады.

"Біз уәдеге тойдық. Жалақы әр айдың онына түседі дейді. Бірақ үлкен отбасыны уәдемен асырай алмайсың. Тамақтанудың өзі қиынға түсіп жатыр", - деп шағымданды астаналық ұстаз.

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелердің жалақыларын өткен жылы көктемде де кешіктірген еді.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593